• Басты
  • ОҚО-да интенсивті бақша 8 мың гектарға ұлғайтылады
23 Ақпан, 2017 15:14

ОҚО-да интенсивті бақша 8 мың гектарға ұлғайтылады

Аграрлы аймақ болып табылатын - Оңтүстік Қазақстан облысының егіс көлемі осы жылы 72,4 мың гектарға ұлғайтылып, 861 мың га жеткізу жоспарлануда, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
ОҚО-да интенсивті бақша  8 мың гектарға ұлғайтылады

Сонымен қатар, өңірде интенсивті бау, жылыжай, жаңғақ шаруашылықтарын дамыту жұмыстары да белсенді түрде жүргізілетін болады. Мәселен, Қазығұрт, Төлеби, Сайрам аудандарында қарқынды алма мен жаңғақ бауларын, ал Шымкент қаласы мен Сарыағаш ауданында жылыжай кешені агроаймақтарын қосу  көзделуде.

Дәстүрлі баулардан орташа гектарына 5-10 тонна өнім алынса, интенсивті баулардан 50-60 тонна өнім жинауға мүмкіндік бар. Осыны ескерген диқандар жаңа технология бойынша бауларды көбейтуді көздер отыр.

Яғни, осы жылы интенсивті баулардың көлемі 8 мың га ұлғайса, жаңғақ көшеттері 2,5 мың га егілетін болады. Ал, жылыжайлар қосымша 1 177 га салынып, 2 300 га жетеді.  Сонымен бірге тамшылатып суғару әдісі 44 мың га енгізіледі. Осы атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,4 есеге артып, 624 млрд. теңгеге, экспорттың үлесі  22 пайыздан,  35%-ға көтеріледі деп жоспарлануда.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды