- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылы ШҚО-да 27 әлеуметтік нысан салынады
2017 жылы ШҚО-да 27 әлеуметтік нысан салынады
2016 жылы облыста 707 жалдамалы пәтер және жергілікті атқару органдарының несиелеу есебінен салынған 769 пәтер пайдалануға берілді. 2016 жылы тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар 25,8 млрд. теңгені құрады.
Биыл облыста жалпы ауданы 721,7 мың шаршы метр 116 көп пәтерлі үй салынады. Олардың жартысы – өткен жылдан ауысатын нысандар.
Барлығы 2017 жылы пайдалануға 356,9 мың шаршы метр тұрғын үйді енгізу жоспарлаған. Ғимараттардың басым бөлігі – көпқабатты үйлер, соның ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жалпы ауданы 120 мың шаршы метр 22 көпқабатты үй бар.
«Біз ары қарай тұрғын үй құрылысы көлемінің жыл сайынғы өсімін 15-20 пайызға қамтып отыруға дайынбыз. Ерекше назар жекеменшік тұрғын үй құрылысына бөлінетін болады, өйткені, ол тұрғындардың негізгі бөлігі үшін барынша қолжетімді. Жекеменшік тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік коммуникацияларды тарту жалғасатын болады. Шағын аудандарға бірыңғай сәулет стилін беру үшін үйлердің типтік жобалар әзірленеді. Ниет білдіргендер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен займ ала алады», – делінген хабарламада.
2017 жылы 27 әлеуметтік нысан салынатын болады. Оның ішінде 17-сі – ауыспалы және 10-ы – жаңа нысан. Алты мектеп пен балабақшаның құрылысын аяқтау, сондай-ақ, бес мектептің құрылысын бастау жоспарланған.
Өскемен қаласында 200 төсектік қалалық балалар аурухана құрылысы жалғасады. Мұнымен қоса, аймақ басшылығы облыс орталығында гемотологиялық орталық құрылысын бастауды және ғимаратты 212 қабылдауға арналған емхана ретінде қайта құруды жоспарлауда.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр