- Басты
- Жаңалықтар
- ЭЫДҰ нұсқаулары бойынша Ұлттық жол картасы сәуірде таныстырылады
ЭЫДҰ нұсқаулары бойынша Ұлттық жол картасы сәуірде таныстырылады
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, функционалдық шолудың тұсаукесері алдында өзінің алғы сөзінде Әбілқасымова ЭЫДҰ стандарттарына негізделген мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың кілтті бағыттарына тоқталды.
Билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша Қазақстан Президентінің бастамасы үкімет пен парламенттің бақылау функцияларын нығайтуды көздейтінін атап өтті. Вице-министрдің айтуынша, парламент пен үкімет ынтымақтастығын жақсарту халық, сайлаушылар және басқару тармақтарының органдары арасында кері байланысты күшейтуді қамтиды, ол толық көлемде ЭЫДҰ стандарттарымен сәйкес келеді.
«ЭЫДҰ функционалдық шолу шеңберінде мәселелердің төрт блогы қарастырылды, олар: көп деңгейлі басқару және орталықсыздандыру, гендерлік саясат, ашық үкімет және мемлекеттік басқару саласындағы соңғы реформалардың шолуы», - деп хабарлады Әбілқасымова.
Ол «аталған функционалдық шолуда мемлекеттік басқарудың барлық деңгейде ролдері мен міндеттері балансының негізділігіне, өзін-өзі жеткілікті вектор ретінде орталықсыздандыруға, азаматтық қатысуға, мемлекеттің барлық тіршілік әрекетінде гендерлік тепе-теңдікті қамтамасыз етуге, сонымен қатар үкіметтің есептілігі және шешім қабылдау процесінің ашықтылығы және жергілікті деңгейде потенциалды арттыруға айрықша көңіл бөлінетінін» атап кетті.
Вице –министр Қазақстанда шағын әрі ашық Үкімет құрубағытында ауқымды жұмыс жасалғанын атап өтті. Сондай ақ, жергілікті өзін өзі басқаруинститутын дамыту үшін, бірқатар жұмыс атқарылды. Аудан орталықтары, ауылдық елдімекенмен ауыл әкімдерінің 90% сайланды. Алдағы уақытта облыстық маңызы бар қала әкімдерін, облыс аудандары және қала аудандары әкімдерін сайлау мәселесі қаралады.
Әбілқасымова мемлекеттік огандарға тиесілі емес қызметтерді бәсекелі ортаға беру процесі туралы айтты. Оның айтуынша болашақта 100 ден аса мемлекеттік қызмет бәсекелі ортаға беріледі.
Сондай ақ, ол мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақысын жұмыс нәтижесіне қарай белгілеу жүйесі енгізілетінін хабарлады. Президенттің жарлығымен ҚР «Мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің кейбір мәселелері» жобасы құрастырылды. Онда бонусты төлеу шарттары мен реті белгіленген. Мемлекеттік қызметкерге материалдық көмек көрсету, сондай ақ, «Б» корпусындағы мамандарға лауазымдық қызметақыға ай сайын үстемақы төлеу қаралған. Сыйықа лауазымы және жұмыс нәтижесіне қарай берілді.
«Шолу бойынша барлық ұсыныстар Ұлттық жол картасы шеңберінде іске асырылады. Премьер-министрдің тапсырмасымен аталған жол картасын әзірлеуді бастадық. Ол сәуір айында Қазақстан Премьер министрінің жетекшілігімен өтетін ЭЫДҰ-мен ықпалдастықты үйлестіру кеңесінің отырысында бекітіледі »,- деді Әбілқасымова.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі