- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар Ақмола облысының шаруашылықтарын аралады
Сенаторлар Ақмола облысының шаруашылықтарын аралады
Палатада хабарлағандай, сенаторлар сапар барысында Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттер аясында ветеринарлық қауіпсіздікті күшейту мәселелері бойынша алдағы шараларды талқылады.
Сенат депутаттары Қосшы ауылдық округінде, ветеринарлық лабораторияда болып, «Астана өнім» акционерлік қоғамының сүт кешенінің жұмыстарымен танысты.
Келешекте экономиканың жаңа драйверіне айналатын аграрлық секторда экологиялық таза өнімдер мен тағамдар өндіру мақсатында кешенді істерді қолға алу көзделіп отыр. Сенаторлар ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің алдында тұрған ауқымды міндеттер туралы пікір алмасты.
Сапар қорытындысы бойынша «Астана өнім» акционерлік қоғамы шаруашылықтарының ғимаратында облыстық ветеринария басқармасының басшылығы, Целиноград ауданының және де көршілес Аршалы, Егіндікөл, Қорғалжын, Шортанды аудандардың бас ветеринар дәрігерлері, мемлекеттік ветеринария инспекция мамандары, ауылдық округтер әкімдері, ауданның ветеринарлық дәрігерлері, мал шаруашылығы ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде ветеринария саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы Жеңіс Нұрғалиев Елбасы Жолдауындағы ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша қойылып отырған міндеттер туралы айта келіп, оларды заңнамалық іске асыру жөніндегі ақпараттармен таныстырды.
Дөңгелек үстел отырысы барысында көтерілген өзекті мәселелер 24 ақпанға Сенатта жоспарланып отырған Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы мен ветеринария саласындағы ғалымдармен кездесуде қаралатыны айтылды.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады