- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар өңірлердегі отандық медицинаның проблемаларымен танысты (ФОТО)
Сенаторлар өңірлердегі отандық медицинаның проблемаларымен танысты (ФОТО)
Сенаторлар сапар барысында Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттер аясында ветеринарлық қауіпсіздікті күшейту мәселелері бойынша алдағы шараларды талқылады. Сенат депутаттары Қосшы ауылдық округінде, ветеринарлық лабораторияда болып, «Астана өнім» акционерлік қоғамының сүт кешенінің жұмыстарымен танысты. Келешекте экономиканың жаңа драйверіне айналатын аграрлық секторда экологиялық таза өнімдер мен тағамдар өндіру мақсатында кешенді істерді қолға алу көзделіп отыр. Сенаторлар ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің алдында тұрған ауқымды міндеттер туралы пікір алмасты.
Сапар қорытындысы бойынша «Астана өнім» акционерлік қоғамы шаруашылықтарының ғимаратында облыстық ветеринария басқармасының басшылығы, Целиноград ауданының және де көршілес Аршалы, Егіндікөл, Қорғалжын, Шортанды аудандардың бас ветеринар дәрігерлері, мемлекеттік ветеринария инспекция мамандары, ауылдық округтер әкімдері, ауданның ветеринарлық дәрігерлері, мал шаруашылығы ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде ветеринария саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы Жеңіс Нұрғалиев Елбасы Жолдауындағы ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша қойылып отырған міндеттер туралы айта келіп, оларды заңнамалық іске асыру жөніндегі ақпараттармен таныстырды. Дөңгелек үстел отырысы барысында көтерілген өзекті мәселелер 24 ақпанға Сенатта жоспарланып отырған Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы мен ветеринария саласындағы ғалымдармен кездесуде қаралатыны айтылды.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес