- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Назарбаева бірқатар халықаралық кездесулер өткізді
Д.Назарбаева бірқатар халықаралық кездесулер өткізді
Сенатор Еуропалық Одақпен қарым-қатынас Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық бағыттарының бірі екенін атап өтті. Д.Назарбаева Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімді тиімді іске асыру екіжақты ынтымақтастықтың басымдыққа ие мәселелерінің бірі екенін жеткізді. «Біз жаңа құжаттың барлық әлеуетін тезірек іске асыруға мүдделіміз.
Еуроодақ елдерінің ұлттық парламенттерінде ратификациялау және оны Еуропалық Парламентте қарау ұзаққа созылмайды деп сенеміз», - деді сенатор. Қазіргі кезде құжатты Еуропалық Одаққа мүше 8 мемлекет құжатты ратификациялады. Т.Христеа Қазақстан Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы ең маңызды әріптесі екенін айта келіп, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуда парламенттік дипломатияның рөліне тоқталды.
Тараптар сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл мәселелерін де талқылады. Еуропалық Одақ Өкілдігінің басшысы Еуропаның 5 мыңнан астам университеттері Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтасуға әзір екенін, Қазақстанның 15 жоғары оқу орны студенттер алмасу бағдарламасы бойынша Еуропалық Одақ елдеріне оқушылар жібергенін жеткізді. Қытай Халық Республикасының Елшісі Чжан Ханьхуэймен кездесуде Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің келешегі талқыланды. Елші Қытай үшін Қазақстан «тамаша дос, қайырымды көрші және сенімді әріптес» екенін атап өтті.Ол елдеріміздің 25 жылдық ынтымақтастықта қол жеткізген табыстары туралы хабардар етті. «Біздің еліміз Қазақстанның бейбітшілікті, тұрақтылықты қолдау және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі саяси және экономикалық реформаларын қолдайды», - деді дипломат. Д.Назарбаева Қазақстан мен Қытай халықтарының игілігі үшін өзара тиімді іс-қимылды үдету қажеттігін атап өтті.
Ч.Ханьхуэй быилғы жыл халықаралық шаралар тұрғысында өте мазмұнды екеніне де тоқталды. Биылғы маусымда Астанада ШЫҰ-ға мүше елдердің мемлекет басшыларының Саммиті өтеді, сондай-ақ ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі ашылады және оған ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуы күтіліп отыр.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді -
Қазақстан бірқатар мемлекетке рейстер санын арттырмақ -
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал -
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды -
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
Сайлауалды үгіт-насихат: Өңірлердегі кездесулер жалғасуда -
Үгіт-насихат жұмыстары: Өңірлердегі кездесулер, алғаш дауыс берушілермен жүздесу