- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 2017 жылдың соңына дейін 160 ауыл шаруашылығы кооперативі ұйымдастырылады
Ақтөбе облысында 2017 жылдың соңына дейін 160 ауыл шаруашылығы кооперативі ұйымдастырылады
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өсімдік шаруашылығын дамытып, өңдеу, мал өнімдерінің өнімділігін арттырып, сапасын жақсарту, аймақтың экспорттық әлеуетін өсіріп, ауыл шаруашылығы кешенін тұрақты дамыту бойынша жұмыстар күшейтілді», - деді облыс әкімі.
2016 жылдан бастап өңірде 1300 жеке шаруашылықтың басын біріктірген 107 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Оның ішінде 73-і ет және сүт бағытында, 28-і көпсалалы кооператив, сонымен қатар, 4 кооператив дәстүрлі емес ауыл шаруашылығы түрлерін дамытуды қолға алды, екеуі көкөніс өсіреді.
Ауыл шаруашылығы кооперативінің техникалық мүмкіндіктерін арттыру мақсатында 2016 жылы 13 рефрижератор, 13 сүт таситын көлік, 4 тіркемелі цистерна, 2 сүт қабылдау бекетіне қаржы бөлінді. Техника шикізатты жинау және оны өңдеу кәсіпорындарына жеткізу жұмыстарын сапалы орталықтандыру жүйесіне қосуға мүмкіндік береді. Бұл қолдау жұмыстары ауыл шаруашылығы кооперативінің дамуына, олар өндіретін өнім көлемінің артуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында 2016 жылы құны 3,2 миллиард теңге болатын 25 инвестициялық жоба іске асырылды.
Айта кетейік, 2017 жылдың соңына дейін 50 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланған. Ауыл шаруашылығы кооперативінің жүктемесін арттыру үшін кооперативтер базасы аясында қызмет көрсету-дайындау орталықтары ұйымдастырылады. Жоспарланған жұмыстар аясында 2017 жылы ет өңдеу 32 пайыздан 35 пайызға, сүт өңдеу 31 пайыздан 37 пайызға артады деп күтілуде.
Бердібек Сапарбаев өз сөзінде Ақтөбе облысы Мемлекет басшысының алға қойған аграрлық экспорттық өнім өндірісін арттыру тапсырмасын орындауға күш салатынын атап өтті.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Күзгі әскерге шақыру науқаны қалай ұйымдастырылады -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек