- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев үздік қазақстандық зерттеушілерге қосымша гранттарды табыстады
Н.Назарбаев үздік қазақстандық зерттеушілерге қосымша гранттарды табыстады
Мемлекет басшысы сессияға қатысушыларды Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдығымен құттықтап, оның заманауи Қазақстанды дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
« Бүгінде Ғылым академиясы салалық және өңірлік бөлімшелері бар ірі зияткерлік орталыққа айналды. Бұл ретте ол Франция, АҚШ және басқа да елдердегі ғылым академиялары сияқты ғылым үшін жат нәрсемен – әкімшілендірумен айналыспайды. Ғылым саласын орталықтандырудың, онда қалыптасатын монополияның тиімсіз екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ғылымының қалыптасуындағы Академияның еңбегін ерекше атап өтіп, еліміздің ғылыми әлеуетін «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауды іске асыруға пайдаланудың маңыздылығына назар аударды.
Сонымен бірге, Елбасы отандық басқару жүйесі мен ғылыми қызметті үйлестіруге қатысты бірнеше өзекті мәселеге тоқталды.
« Біз ғылымды орталықсыздандырдық. Көптеген бөлігін жоғары оқу орындарына бердік, алайда олардың бәрі әлі инновациялық орталықтарға айнала қойған жоқ. Қазақстанның ғалымдары өз жұмыстарын белсенді түрде патенттеуде. Бірақ олардың басым көпшілігіне сұраныс жоқ. Ғылым негізінен мемлекет есебінен қаржыландырылуда. Іс жүзінде нақты сектордан тапсырыс түспей жатыр. Сонымен қатар, ғылыми жұмыстарда плагиат жиі кездеседі», – деді Мемлекет басшысы.
Осыған орай Қазақстан Президенті отандық ғылымды дамытуға қатысты ұстанымдарды түбегейлі өзгертуді тапсырып, осы бағытта бірқатар нақты міндеттер белгіледі.
«Біз ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы заң қабылдадық. Енді осы заң толыққанды қолданылуы қажет. Ғылыми-зерттеушілік қызмет нәтижелерін қазақстандық кәсіпорындардың қажеттіліктеріне бағыттайтын тетіктер енгізу керек. Біздің алдымызда импортты алмастыру және экспорттық өндірісті дамыту міндеті тұр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті академияның әлеуетін пайдалана отырып фундаменталды және гуманитарлық ғылыми жобалар сараптамасының сапасын жақсарту қажеттігін айтты.
«Ғылымды басқарудың, оны қаржыландырудың жаңа формат бойынша және уақтылы жүзеге асырылатын жаңа жүйесі енгізілді. Сондай-ақ, Ғылым академиясы жанынан әдеп жөніндегі алқалы орган құруды ұсынамын. Ол Ғалым кодексін және Жарияланымдар әдебі жөніндегі кодексті әзірлеп шыға алар еді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды