- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да сүт кәсіпорындарының қуаттылығын 60 пайызға ұлғайту көзделген
ШҚО-да сүт кәсіпорындарының қуаттылығын 60 пайызға ұлғайту көзделген
Тұрғындарға есеп беру кездесуінде облыс әкімі Даниал Ахметов өткен жылы облыс аумағында 23 тауарлы-сүт фермасы мен 50 сүт қабылдау пункті құрылғанын атап өтті. Алайда, соның 70 пайызы жеке қосалқы шаруа қожалықтарының есебінде тұр екен. Осы көрсетілген нәтижеге қарағанда сүт өндірушілердің үштен бір бөлігі ғана толық әлеуетін пайдаланған. Ағымдағы жылы сүт өндеуші кәсіпорындар қуаттылығы жүктемесін 42-ден 60 пайызға ұлғайтуға, сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтар әлеуетін толық пайдалануға және табыстарын ұлғайтуға мүмкіндік беріледі.
2017 жылы өңірімізде 18 тауарлы-сүт ферманың құрылысы қайтадан жарақтандырылып, халықаралық талаптарға сәйкестендірілмек. Қайтадан жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде 60 ТСФ және 60 сүт қабылдау пункті ашылады.
Қазір тұрғындар арасында сүт қабылдау пунктері мен қайта өндеуші кәсіпорындар базасында жеке үй шаруашылықтарын кооперативтерге біріктіру жөнінде ұйымдастыру-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ал жеке қосалқы шаруашылықтарында мал тұқымын асылдандыру үшін шағын несиелендіру жүйесі арқылы тұрғындар асыл тұқымды мал сатып алуға мүмкіндік алды.
Ірі тауарлы-сүт фермаларын (400 және одан көп бас) салуға және қайта жаңғыртуға инвестиция құйған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ағымдағы жылы жоғарылатылған нормативті субсидиялау бойынша шығындарды өтеу жоспарланған.
Құрылған инфрақұрылым ағымдағы жылы сүт өндіру, сатып алу және қайта өңдеу бойынша 12 қанатқақты кооператив ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Экономикалық зерттеулер институтына - 60 жыл -
ТКШ: 2607 жаңа басқару нысаны құрылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
Тоқаев: Тәртіп сақшыларының еңбекақысы 30 пайызға артады -
Мәслихаттардағы партиялық тізімдер 60%-ға жаңартылады – Бауыржан Байбек -
Алматы қаласында пандемия кезінде кәсіпкерлер саны 6000-ға өсті -
Қазақстанда азық-түлік бағасы қанша пайызға қымбаттады, бағаны тұрақтандыру үшін қандай шаралар қабылдануда -
Р.Скляр: Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,8 пайызға өсті -
Коронавирус: Вакцина кімдерге егіледі/ Нысандар қандай тәртіппен жұмыс істейді