• Басты
  • Жаңалықтар
  • Украиндық дипломаттар Украина Үкіметіне Қазақстанның 2050 Стратегиясының даму жоспарын қолдануды ұсынды

Украиндық дипломаттар Украина Үкіметіне Қазақстанның 2050 Стратегиясының даму жоспарын қолдануды ұсынды

14 Желтоқсан, 2013 15:08
Қазақстандағы украиндық дипломаттар «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» зерделеп Украина Үкіметіне бағдарламаның даму жоспарын қолдануды ұсынды. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Қазақстандағы Украина Елшілігінің кеңесшісі Петр Токарь мәлімдеді.

«Мен ғылыми көзқарас бойынша Қазақстандағы жоспарлау мен болжауды түсіндім. Дипломат ретінде аталмыш бағытта Қазақстанның тәжірибесін зерделедім. Біріншіден, Президенттің Жолдауы бойынша бұл ұзақмерзімді даму бағдарламасы. Бұл өте тиімді болғандықтан мен өз Үкіметіме даму жоспарын қолдануды ұсындым», - деді П. Токарь.

Сондай-ақ, дипмиссияның өкілдері украиндық Үкіметке осындай институттың тәжірибесін қарастыруды ұсынды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы өз құрамында даму доктринасы мен концепциясында жоспарлау, өз мақсатына жету құлшынысын тиімді қолданады», - деді ол. 

Барлық жаңалықтар