- Басты
- Жаңалықтар
- ЕЭК ЕАЭО елдерінде «цифрлық фабрикалар» құруды ұсынды
ЕЭК ЕАЭО елдерінде «цифрлық фабрикалар» құруды ұсынды
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің үкіметтеріне өнеркәсіптік саясат шеңберінде экономикаларды дигитализациялау және осы қызметті ЕАЭО елдерінде құрылымдау жөніндегі бірқатар бастамаларды қолдау туралы ұсыныстар жолданды.
ЕЭК ұсыныстары «цифрлық фабрикалар» құру тұжырымдамасын қамтиды. Ол жобалаудан дайын өнім алуға дейін өндірістің барлық кезеңдерін қамтуы тиіс.
«Цифрлық фабрика» жобасы «Индустрия 4.0» (Германия) және «Цифрлық өндіріс» (АҚШ) тұжырымдамаларымен тығыз байланысты.
ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі алқа мүшесі (министр) Сергей Сидорскийдің пікірінше, одақ елдеріне ұлттық цифрлық тәртіпті іске асыру бойынша жұмысты мүше мемлекеттердің өнеркәсіп саласындағы цифрлық тәртібімен үйлестіру орынды. Бұл ортақ технологиялық цифрлық тұғырнамаларды, жүйелік және өтпелі жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.
«Біздің мәліметтеріміз бойынша, ЕАЭО елдерінде ЖІӨ цифрлық экономика үлесі 2,8%-дан артық немесе 85 млрд долларды құрайды. Дигитализация нәтижесі қаржы, сауда, ойын-сауық және медиа сияқты секторларға шоғырланған. Өнеркәсіп және АӨК саласында цифрлық экономика үлесі елеусіз», – деді С. Сидорский.
ЕЭК өнеркәсіптік блок деректері және консалтингтік компаниялардың бағалары бойынша, әлемдік ЖІӨ-де цифрлық экономика үлесі 5,5% құрайды. Дигитализация 2025 жылға дейін әлемдік экономика үшін 30 трлн доллардан астам қосымша кіріс әкелуі мүмкін.
31 наурызға дейін комиссияға ЕАЭО елдерінде цифрлық өнеркәсіптің қолданыстағы бағдарламалары, жоспарлары мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат келіп түседі деп күтілуде. 2017 жылдың соңына дейін ЕЭК құжаттың жиынтық нұсқасын қарау және пысықтау үшін ЕАЭО елдеріне жолдауды жоспарлап отыр.
-
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері -
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды -
Шолу: 2020 жылы өткен әлем елдеріндегі парламент сайлауы -
Қазақстан және ЕАЭО: ынтымақтастықтың Қазақстан үшін тиімді жақтары қандай -
«Ауыл» партиясы балаларды бөліп жармай, бәріне бірдей 18 жасқа дейін әлеуметтік көмек беруді ұсынды -
Тоқаев: Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялауды ұсынды