- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана» халықаралық қаржы орталығының делегациясы Нидерландпен ынтымақтастық орнатуда
«Астана» халықаралық қаржы орталығының делегациясы Нидерландпен ынтымақтастық орнатуда
Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айқындалған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру аясында өткен сапарды Қазақстанның Нидерландтағы Елшілігі мен АХҚО ұйымдастырды.
Сапар аясында Қ. Келімбетовтың Нидерланд Қаржы министрлігі мен Орталық Банкі басшылығымен, 115 мың кәсіпорындарды жұмылдырылған Нидерланд өнеркәсіпшілері мен жұмыс берушілер конфедерациясының және «Residents Corporate Services» және т.б. компаниялар жетекшілерімен кедесулері орын алды.
«Келіссөздер барысында шетелдік капиталы бар компаниялардың салық, ұйымдастырушылық және құқықтық реттеу жүйелерін жетілдіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ерекше назар сенімді басқару мен корпоративтік қызмет көрсету салаларындағы озық голланд тәжірибесіне аударылды. Кездесулер аясында тараптар қаржы-инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мен тәжірибе алмасуға өзара мүдделілік танытты», - делінген хабарламада.
Оған қоса, отандық делегация Амстердамдағы Дүниежүзілік сауда орталығына (WTCA) барды. Дүниежүзілік сауда орталықтары ассоциациясы басшылығымен болған келіссөздер қорытындысы бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясындағы ынтымақтастықты өрбіту мақсатында «WTCA» сарапшыларының Елордаға сапарын өткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты