- Басты
- Жаңалықтар
- Астана мен Алматының әлемдік деңгейдегі колледждері қолданысқа 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап беріледі – «Кәсіпқор» холдингі
Астана мен Алматының әлемдік деңгейдегі колледждері қолданысқа 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап беріледі – «Кәсіпқор» холдингі
-2050 Стратегиясының тапсырмасы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру колледждері мен өңіраралық орталықтарының халықаралық деңгей жүйесін құру жайында айтып берсеңіз?
«Кәсіпқор» Холдингі елдің әр аймағында техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымы бойынша 16 колледж жүйесін құрумен айналысуда.
Ол өзіне Алматымен Астана қаласының екі әлемдік деңгейдегі колледжі мен Атыраудағы 4 аймақаралық колледж, Өскемен, Екібастұз, Шымкент қалаларындағы 10 әріптестік қызмет жасап жатқан колледжер.
Олардың барлығына ерекше көңіл бөлінуде. Олардың барлығы Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің пішіні бойынша жабдықталады.
2050 Стратегиясында Елбасы кәсіптік және техникалық білім беруге назар аудару туралы айтқан болатын.
Шетелден келген оқытушылар балаларға білім беретін болады. Алайда оларға жоғары талаптар қойылған және қатаң конкурстық іріктеу өтеді. Мәселен, ағымдағы ыжылы 50 өтініштің ішінен қарастырып екі білім беру мекемесін таңдап алдық. Олардың бірі Ұлыбританияның PEARSON консорциумы мен Австралияның TAFE білім мекемесі.
Халықаралық дәрежедегі барлық колледждер қашан қолданысқа беріледі?
- 2013 жылдың наурыз айынан бастап кәсіптік және техникалық білім берудің тұңғыш мекемесі жұмыс істеуде. Ол Атырау облысында мұна-газ саласына бағытталған. Онда қазір 300 студент 3 мамандық бойынша білім алуда. Барлық жұмыс әлемдік дәрежесі бар мұнай-газ индустриясы бойынша Канаданың Оңтүстік Альбертінің мамандарының көмегімен жүзеге асады.
Келесі кезекте Астана мен Алматы қалаларының колледждері тұр. Олар 2015 жылдың қыркүйегінен бастап біртіндеп қолданысқа енетін болады.
Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің ынтымақтастық жүйесі қалай құрылған? Жұмыс берушілердің қажеттіліктері білім беру бағдарламаларына ене ме?
-Даму стратегиясына орай әрбір білім беру мекемесінде екі серіктес бар. Оның бірі әлеуметтік, екіншісі шетелдік олар әр салаға байланысты қызмет істейді. Жұмыспен қамтушылармен меморандумға отырып, келісім шарт жасайтын боламыз. Холдинг «Центр компетенций «Самрук» ЖШС және 20 меморандум өзге компаниялармен жасалды. Олар: «Самұрық-Қазына» АҚ, «Зерде», «KAZENERGY», «СК «Базис», «BI-Group» т.б.
Сондай-ақ, білім беру бағдарламаларын сараптаудан өткізу сынды жұмыстар да назардан тыс қалмайды.
«Кәсіпқор» холдингінің бір міндеті индустриалды-инновациялық даму бойынша кадрларды дайындау болып табылады. Аталмыш бағыт қалай жүзеге асады?
-Мамандарды дайындау мақсатында жұмысқа тұру кепілдігін қамтамасыз ету үшін холдинг ең білікті мамандарды анықтау бойынша жұмыстарды жүргізуде.
Мәселен, химиялық сала бойынша холдингтің әлеуметтік серіктестерінің бірі «Біріккен химиялық компания» болып табылады. Ол Атырау облысының мұнай-химиялық технопаркі мен «Тараз» химиялық паркін инвестициялауды жүзеге асырады.
Мемлекет басшысы 11 қазан күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ТКББО-ның материалдық-техникалық базасы әлсіз екендігін айтып өтті. Холдингтің жүйесіндегі білім беру мекемелерінің бұл проблемасы қалай шешіледі?
-Шынымен де, Қазақстанның көп колледждері тозығы жеткен қондырғылармен жұмыс істеуде. Алайда, әлемдік деңгейдегі колледждар ең заманауи қондырғылармен жабдықталатын болады. Осының арқасында түлек өндіріс алаңында жұмысқа бірден кірісіп кете алады.
Сондықтан да шетелдік әріптес пен холдинг технологиялық циклдарды зерттеп алады. Содан кейін барып оқу жүйесін қалыптастырады. Атыраудағы аймақаралық орталық үшін холдинг SAIT Polytechnic шетелдік серіктесімен 2012-2015 жылға арналған оқу жүйесін құрастырды.
Бүгінгі таңда кәсіптік-техникалық білім беру саласында экономикаға қажетті 3 мамандық бойынша ғана білім беруде. «Кәсіпқор» холдингі бойынша қанша маман дайындау жоспарланған?
- Екі колледжің барлық қуаттылығы бойынша 3000 студент білім алатын болады. Ал аймақаралық 4 колледжде біз 2800 студентті, серіктестік колледждерде 3000 студентке білім беруді жоспарлап отырмыз. Соның ішінде студенттердің білім алуы мен баспаналары тегін болады.
Сондай-ақ, жаңа колледждерде қайта оқыту мен мамандардың біліктілігін арттыру курстары да өткізілетін болады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді