- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен шет елдерден 1,5 млн.-нан астам адам Soyle.kz порталын пайдаланды
Қазақстан мен шет елдерден 1,5 млн.-нан астам адам Soyle.kz порталын пайдаланды
Мобильді қосымшалар қазақ тілін үйренуді көпшілікке қолжетімді ету, қазақ халқының рухани, әдеби және мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттау, жастар арасында IT-білімдерін қалыптасыру және өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында жасалған.
«Жаңа отандық ІТ-өнімдер Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы мемлекеттік тілді әрі қарай дамыту және жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеудегі қойылған міндеттерге толығымен сай келеді», - деді С.Айтжанов.
«Бұл - өткен жылы Елбасының тілге қатысты жобаларды жүзеге асыру үшін Қорға берген қаржысына ашылған «Abaialemi.kz» онлайн-энциклопедиясының, «Tattialma.kz» балалар әдеби сайтының мобильді қосымшалары. Және де «Менің Қазақстаным», «Қазақстанның ұлы тұлғалары», «Қазақстанның мерекелері» және тұңғыш отандық интелектуалды ойыны – «Кім білгіш?» атты қосымшалары», - деп қосты ол.
Сонымен қатар, қор Soyle.kz порталының жаңартылған және жаңа бөлімдермен толықтырылған нұсқасымен таныстырды. Сайттың дизайны технологиялық тұрғыдан бүгінгі заман талаптарына сай өзгертілген. «Sozdik.soyle.kz», «Сайттар каталогы», «Мақал-мәтелдер», «Жұмбақтар мен жаңылтпаштар», «Бүгінгі күннің сөзі», «Іс-шаралар афишасы» секілді жаңа бөлімдер жасалған. Мысалы, «Кітапхана» бөлімінде «кітапты жүктеу» функциясы пайдаланушыларға өз кітаптарымен бөлісуге мүмкіндік береді. Латын қаріпіне көшу фунциясы енгізілген. Ағылшынтілді пайдаланушылар үшін порталдың ағылшынша нұсқасын жасау қолға алынды.
2016 жылдың қыркүйегінен Soyle.kz әдістемесі бойынша қазақ тілін Skype арқылы оқыту басталды. Бүгінгі таңда Skype арқылы Қазақстан мен шет елдерден 200-ден астам адам тегін қазақ тілін үйреніп жатыр.
Осы жылы Қор ресми іс-қағаздарды жүргізуді онлайн үйрететін тұңғыш — «Quzhat.kz» атты (іскери құжаттар үлгілері) тегін интернет порталын және қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениеті мен тарихын қамтитын «Жеті қазына» атты мобильді қосымшасын әзірлеуде. Аталған жобалар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржысына жүзеге асырылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы