ҚТЖ автожолдардың жабылуына байланысты қосымша 70-тен астам вагон бөлді

21 Ақпан, 2017 12:19
Мұндай шараларға ауа райы жағдайларының нашарлауы себеп болды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінде хабарлағандай, ұлттық теміржол тасымалдаушысы жедел режимде  жұмыс істеуді жалғастыруда.

«Өткен тәуліктерде темір жолдың барлық учаскелері бойынша пойыздарға 70-тен астам вагон тіркелді, бұл қосымша 5 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік берді. Жолаушылар теміржол тасымалына түсетін жүктеменің өсуін ескере отырып, жолаушылардың тағайындалған орындарына уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, компаниялар мен ҚТЖ басқа да қызметтерінің басшылары санынан тәуліктік кезекшіліктер ұйымдастырылған.

Барлық жаңалықтар