Елбасы жайылымдарды қолдану бойынша бірқатар заңдарға қол қойды

20 Ақпан, 2017 16:41
Мемлекет басшысы заңнаманы «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың бьаспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жайылымдарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, олардың жай-күйін және инфрақұрылымын жақсартуға, жайылымдардың тозу процестерін болғызбауға бағытталған «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Барлық жаңалықтар