• Басты
  • 8 мыңнан астам несие қазақстандықтарға авто сатып алуға берілді
20 Ақпан, 2017 19:34

8 мыңнан астам несие қазақстандықтарға авто сатып алуға берілді

Жеңілдікті автонесие беру бағдарламасының шеңберінде жеке тұлғалардан несие алуға түскен 8 мыңнан астам сұранымды шамасымен 31 млн теңгеге мақұлдады.

8 мыңнан астам несие қазақстандықтарға авто сатып алуға берілді | Strategy2050.kz

ҚДБ ағымдағы жылдың 20 сәуірі күні іске қосылған Жеңілдікті автонесие беру бағдарламасының операторы болып табылады.

«Даму Банкі агент банктермен Ұлттық қордан бөлінген несие қаражатын игерудің бақылауын үнемі жүргізуде. Бағдарлама шеңберінде Ұлттық қордан жеке тұлғаларға Қазақстанда жиналатын автокөліктерді сатып алуға несие беру үшін барлығы 26 млрд теңге бөлінді», - деп хабарлады ҚДБ.

 Жеке тұлғаларға жергілікті өндірілген жеңіл автокөлік сатып алуға ҚР Үкіметімен бекітілген несие беру шарттары: атаулы сыйақы мөлшерлемесі – ең көбі жылдық 4%, алайда жылдық тиімді мөлшерлеме (оның ішіне сақтандыру және автокөлікті кепілге салу шығындары кіреді) жылдық 7,5%-дан аспау керек.

Банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, несие мерзімі – ең көбі 5 жыл, қарыз валютасы – теңге, жеңіл көліктің бір бірлігінің бағасы – ең көбі 9 000 000 теңге, бастапқы жарна (бар болса) – сатып алынатын көліктің бағасынан ең көбі 20%.   Жеңілдікті автонесие беру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жаңартпалы сипаты бар. Яғни, ағымдағы несиелерді өтеуден түскен төлемдер қайтадан атонесие беруге жұмсалады.   

Ақырғы қарызгерлер – жеке тұлғаларға «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ және «АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорындарында жиналатын «Kia», «Chevrolet», «Skoda»,  «Hyundai», «SsangYong», «Peugeot», «Toyota»  және т. б. сияқты брендтердің 62 көлік моделі ұсынылады.    
 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды