- Басты
- Жаңалықтар
- Маусымның соңына дейін инвестиция тарту бойынша Ұлттық стратегия әзірленетін болады
Маусымның соңына дейін инвестиция тарту бойынша Ұлттық стратегия әзірленетін болады
«2016 жылдың қазан айында инвестиция жөніндегі ЭЫДҰ Комитеті Қазақстанды осы ұйымның қатысушысы ретінде шақыру туралы шешім қабылдаған болатын. Биыл наурыз-сәуір айларында Кеңестің шешімі шығарылады деп күтілуде», - деді министр.
Елімізде жұмыс істеп жатқан және болашақ инвесторлармен тұрақты жұмыс атқарылуда. «Бір терезе» қағидасы арқылы 2016 жылы 5500-ден астам өтініш түсіп, 8000 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, сондай-ақ, «кері байланыс» қамтамасыз етілуде.
«Инвестиция тарту бойынша басымдыққа ие 10 мемлекетте (АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Оңтүстік Корея, Иран, Жапония, Германия, Франция, ҚХР, Үндістан) және «Kaznex Invest» АҚ 5 фронт-кеңсесіндегі (АҚШ, Германия, Түркия, БАӘ, ҚХР) арнайы кеңесшілердің әлеуеті пайдаланылуда. Олардың жұмыс нәтижелері бойынша әлеуетті 735 инвестор-компания анықталып, 400-ден астам кездесу өтті. 82 компания өкілінің Қазақстанға іс-сапары ұйымдастырылып, 68 компаниямен меморандумға қол қойылды», - деді Ж.Қасымбек.
Аталған жұмысты әрі қарай жетілдіру мақсатында Елбасының тапсырмасымен жүйені трансформациялау басталды. Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесе отырып, биылғы жылдың маусым айының соңына дейін инвестиция тарту бойынша Ұлттық стратегия әзірленетін болады. Стратегияда инвесторларды тарту мақсатында перспективалы салалар мен басым секторлар анықталып, инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған шаралар мен инвесторларды тарту тетіктері жетілдіріледі.
««Kaznex Invest» АҚ негізінде құрылатын арнайы «Кazakh Invest» ұлттық компаниясы Үкімет атынан ірі инвесторлармен және мақсатты ТҰК-мен «біріңғай келіссөз жүргізуші» ретінде іс-қимыл жасайтын болады», - деді министр.
Ақбота Күзекбай
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген