- Басты
- Жаңалықтар
- Чехиялық сарапшылар ЭКСПО-2017 тұжырымдамасының бірегейлігін бағалады
Чехиялық сарапшылар ЭКСПО-2017 тұжырымдамасының бірегейлігін бағалады
ҚР Сыртқы істер министрлігі көрме ғимаратының бірегейлігімен қатар, қонақ үйлерді, сауда орталықтарын, банктерді, мейрамханалар мен басқа қолайлылықтарды қамтитын ЭКСПО аумағының абаттандырылуы да әсер қалдырғанын хабарлады. «Holiday World» көрмесінде біздің дипломаттарымызға Қазақстанға визаны қалай ресімдеуге болатыны және Астанаға жету үшін қандай оңтайлы әуе бағдарын таңдау керектігі туралы сұрақтар жиі қойылды.
«Алдымен, мен оны ай станциясының жобасы немесе болашақ қаласының нобайы деп ойладым. Кейін Дубаи немесе Токиодағы мега-жоба деген шешімге келдім. Алайда, Қазақстанда осыған ұқсас ЭКСПО орталығы бар әдемі қала салынғанын білгенде, таң қалдым», - деді Прагадағы көрме қонақтарының бірі.
Қазақстанның Чехиядағы елшісі Сержан Әбдікәрімов ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу бойынша дайындық жұмысы, Қазақстанның жаңа виза саясаты, елдің туристік әлеуеті мен туристік бағыттары туралы толық ақпарат берді.
ҚР СІМ жасыл технологиялар саласында бай тәжірибесі бар Чехия ЭКСПО-2017 көрмесінде өз павильонын ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Алдағы көрменің ашылу рәсіміне Чехия Президенті Милош Земан келеді деп күтілуде.
«Holiday World» халықаралық көрмесі Прагада жыл сайын өтіп, әлемнің ең белгілі туристік компанияларын тартады. Іс-шара Чехияның Өңірлік даму министрлігінің және «CzechTourizm» туризмді дамыту агенттігінің қолдауымен өтуде. Биылғы жылы 26-шы «Holiday World» халықаралық көрмесіне әлемнің 50-ден астам елінен өкілдер қатысты.
-
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Ауыл әкімдерін сайлау: Сарапшылар пікірі -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі -
Сарапшылар пікірі: "Президент Үкімет отырысында ең өзекті мәселелердің шешімін айтты" -
Сарапшылар пікірі: "Вакцина салдырудан бас тартқандар жауапкершілікке тартылмайды" -
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
Сарапшылар пікірі: «Парламентке өтпеген партиялар өз ұстанымдарын өзгертпейді» -
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі» -
Сарапшылар пікірі: «Саяси реформа жасалып, халықтың уәжі жоғары жаққа жетуі тиіс» -
Сайлау-2021: үгіт-насихат трендтері. Сарапшылар пікірі -
«Қазақ халқына көреген Ұлы көшбасшы бола білді»: Назарбаев хақында шетелдік сарапшылар пікірі -
«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі