- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа оқулықтар сараптама мен апробацияның міндетті рәсімінен өтуде
Жаңа оқулықтар сараптама мен апробацияның міндетті рәсімінен өтуде
«1 және 2 сыныптарға арналған оқулықтарды апробациялау процесі бір жыл ішінде қыркүйек – қаңтар аралығындағы кезеңде өткен. Ал 5, 7 сынып оқулықтары бойынша оны мүлде өткізбеу туралы шешім қабылданған болатын. Қателер мен кемшіліктер мұғалімдердің наразылықтарын туғызады. Олар оқу бағдарламаларында да және оқулықтарда да көрсетіледі – жас ерекшеліктеріне сәйкес келмеу, фактологиялық материалдарының жеткіліксіздігі немесе тым көп болуы. Оқу бағдарламаларын қалыптастыру қағидаттары білім беру деңгейлерінің сабақтастығы мен пәнаралық байланыс талаптарына үнемі сәйкес келе бермейді», - деді Г. Иксанова.
Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 65-тармағында білім берудің жаңартылған мазмұнын әзірлеуде НЗМ тәжірибесін көрсету көзделеді, бұл іс жүзінде оқыту мен тренингтерді ұйымдастыруды білдіреді.
«Осы ретте 1 сыныпқа арналған оқулықтар мен ОӘК әзірлеуге НЗМ нысаналы салым бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 328 млн теңге бағыттады. Жергілікті атқарушы органдар 1 сыныпқа арналған оқулықтарды сатып алуға 2016 жылы 6,3 млрд теңге жұмсаған. Демек, мемлекет оқулықтар жиынтығының бір бөлігі үшін екі рет төлеген», - деп атап өтті Г. Иксанова.
Сондай-ақ ол жаңартылған мазмұнға көшу педагог кадрлардың деңгейі мәселесін көтеретінін де атап өтті.
«Педагог кадрлардың тапшылығы жағдайларында (13 547 адам) мемлекет педагогтердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін едәуір қаражат бөліп отыр. 2016 жылдың өзінде ғана білім берудің барлық деңгейлері бойынша біліктілікті арттыруға 11 млрд теңгеге жуық қаражат, соның ішінде тілдік курстарға 483 млн теңге бөлінген. Биыл қаражат өткен жылға қарағанда 23 есе артық бөлінген», - деп атап өтті Г. Иксанова.
Ол жаңартылған мазмұнды бағдарламалар бірінші сыныптарда іске асырылатынын айтты.
«Бірінші сынып мұғалімдері үшін 2016 жылғы мамыр – қазан аралығындағы кезеңде бастауыш мектеп бағдарламалары бойынша курстар өткізілген. 2016 жылғы төртінші тоқсанда 3 мыңнан астам бастауыш сынып мұғалімі біліктілікті арттырудан өткен», - деп хабарлады Г. Иксанова.
Қайрат Жандыбаев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері