- Басты
- Жаңалықтар
- Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінбек
Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінбек
«Білімге салынатын осындай ірі инвестициялар қоғам үшін, Қазақстанның әрбір азаматы үшін нақты нәтижелер беруі тиіс», – деді Г. Иксанова.
Оның айтуы бойынша, Мемлекеттік бағдарламаның «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» атты бірінші бағытының мақсаты сапалы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
«Нысаналы индикатор бойынша жоспар орындалды, алайда, 9 410 мектепке дейінгі ұйым арасында 47%-ын шағын орталықтар құрайды, олардың көбі толық күн жұмыс істемейді. 12 жылдық білім беру аясында нөлдік сыныптарды енгізу жағдайларында олардың мектеп алды процесінің біртұтас білім беру процесіне интеграциясы алдындағы өз-өзіне жеткіліктілігіне қатысты мәселелер туындайды», – деп атап өтті Г. Иксанова.
Сондай-ақ, ол педагогтердің білім деңгейі де маңызды екенін айтты, алайда, әзірше 82 мыңнан астам маманның 37%-ында ғана педагог мамандығы бар.
«Еңбекақы деңгейінің төмен болуына байланысты, оларда уәждеме де жоқ. Сонымен қатар жаңартылған Мемлекеттік стандарт тәрбиелеу, дамыту және оқыту мақсаттарының біртұтастығын қамтамасыз етуі тиіс. 2019 жылға қарай икемділіктері мен дағдыларының деңгейі жоғары және орташа 5-6 жастағы балалар үлесінің 80 пайыздық көрсеткіші белгіленген. Бір жағынан, ол нөлдік сыныпты енгізу міндеттеріне сәйкес келмейді, екінші жағынан, балалардың білім беру процесіне дайындығының деңгейі әр түрлі. Мемлекеттік стандарттың апробациясынан кейін балалар диагностикасы көрсеткендей, балалардың 62%-ында ғана дайындық деңгейі орташа, ал 43%-ында оқуға уәждемесі төмен», – деп қорытындылады Г. Иксанова.
Қайрат Жандыбаев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды