- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында бетоннан жасалатын ұяшықты кірпіш шығару цехі ашылды
Ақтөбе облысында бетоннан жасалатын ұяшықты кірпіш шығару цехі ашылды
Цехта бір күнде 60 шаршы метрге дейінгі көлемде кірпіш шығады.
«Цехты іске қосу үшін біз кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, «Даму» Қоры арқылы жүзеге асырылатын бағдарламалар туралы толық және нақты ақпарат алдық. Шикізатты жергілікті тауар өндірушілерден аламыз. Ал технологиясын Барнауылдан әкелдік (РФ). Дайын тауарды тұрғындар бөліп төлеу арқылы да ала-алады»,- дейді директор Арайлым Нагмидинова.
Ұяшықты бетон кірпіштерінің ерекшелігі - ылғал өткізбейді және жылу сақтап тұрады.
Қазір мемлекеттік бағдарламаларға қатысып жеңілдіктерді пайдаланып жүрген жергілікті кәсіпкерлер саны күн санап артып келеді, деп хабарлады «Даму» қоры.
«СтройдворЖилянка» ЖШС Центр Кредит Банктің «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы арқылы 14% несие алып, «Даму» Қорының кепілдендіруі мен 10%-дық субсидиялау қолдауын пайдаланып отыр. Нәтижесінде кәсіпкердің банкке төлемі тек қана 4% құрайды.
«Ол кәсіпкерлердің ішінде әйелдер де белсенді қатысуда. Оларға «Кең Дала» және «Ақтөбе Жасстарт» секілді жергілікті бағдарламалар аясында көмек көрсетіліп келеді. Бұл өндіріс орындары тұрғындарды әрдайым жұмыспен қамтып отырады. Мемлекет жаңа технологияларды пайдаланып, бәсекелестікке қабілетті өнім өндірумен айналысатын кәсіпорындарды ерекше қолдайды»,-дейді кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кеңесшісі Мейірхан Жанкелдіұлы.
Жаңа цехта сегіз жергілікті тұрғын жұмыспен қамтамасыз етілді.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр