- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы 35 мың мүгедек инватакси қызметін пайдаланды
2016 жылы 35 мың мүгедек инватакси қызметін пайдаланды
Жоғарыда көрсетілген қызмет түрі, Қазақстанда, 2014 жылдан бастап, қоларбамен жабдықтауға қатысты медициналық ұйғарым жасалған бірінші және екінші топтағы мүгедектерді және дербес көмекшінің болуы нұсқалған бірінші топ мүгедектерін қолдаудың қосымша шарасы ретінде енгізілгені атап өтерлік жайт.
Инватакси қызметі, айрықша тәртіпте, жұмыс немесе оқу кестесіне сай, еңбек ететін және білім алудағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналады. Өзге мұқтаж тараптар, өтініш ретіне қарай қамтылады.
Бүгінгі таңда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын инватакси қызметі, еліміздің 13 өңірінде жұмыс істеуде (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Астана мен Алматы қалалары).
Қарағанды мен Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында, инватакси қызметі жергілікті бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылады.
Барлық инватакси қызметінің автокөліктер саны 183 машинаны құрап отыр.2014 жылдан бергі тиісті қызметті дамытуға жұмсалған сома мөлшері 843 млн теңгені межелесе, оның 308,8 млн теңгесі республикалық бюджетке тиесілі болып, 534,2 млн теңгесі жергілікті қазынадан екені байқалуда.
Өткен жылы, республикалық бюджеттен бөлінген қаражат 145,8 млн теңгені төңіректесе, жергілікті қазынадан 340,1 млн теңге тағайындалған.
Мүмкіндігі шектеулі жандар таксиін әрі қарай дамытуға, 2017-2018 жылдар аралығы, республикалық бюджеттен 118,8 млн теңге көзделген.
Ескертерлігі, 2018 жылдан кейін, инватакси қызметін қаржыландыру толықтай жергілікті бюджет есебінен жүзеге аспақ.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді