- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Исимбаева Қазақстандағы білім беру реформасына қатысты бірқатар мәселелерді баяндады
Г.Исимбаева Қазақстандағы білім беру реформасына қатысты бірқатар мәселелерді баяндады
«Білімді сатып алу керек деген тұжырымдама бар, біздегі реформалар аяқ астынан болады. Тәжірибеде толыққанды пішінде жүзеге аспай қалады. Жүйелік мониторинг, терең сараптама мен әрбір кезеңге баға беру бойынша реформалар аз жасалуда», - деді Г.Исимбаева.
Мәжіліс төрағасының орынбасары айтып өткендей, соңғы он бір жылда білім беру саласына республикалық бюджеттен 1 трлн 207 млрд теңге бөлінген, алайда білім беру саласының қызметкерлері ең төмен деген жалақыны алады.
«Ол ел бойынша 143 мың теңгенің орташа айлық көрсеткіші бойынша 86,5 мың теңгені құрады. Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының міндеті мектепке дейінгі мекемелердің педагогикалық кадрдың сапалы құрамын қалыптастыру. Алайда, осы салада жетілу толыққанды жүзеге аспай жатыр, тәрбиелеушілердің көмекшілері стандартқа сай келмейді, себебі олардың жалақысы 29 мың теңгені құрайды», - деді Г.Исимбаева.
Сондай-ақ, ол орта білім беру саласында білім беру инфрақұрылымы маңызды салалардың бірі екенін айтып өтті.
«Қазір бұл мәселе шешіліп жатыр, алайда жыл сайын үшауысымды апатты мектептердің жағдайы мен елдегі мектептердің 40 пайызы аз жабдықталғанын, ауылдық жерлерде мектепке бару жолы қамтылмағанын, мектептердің 30 пайызы жаңа модификация мен физика кабинеттерінің жоқтығы, 1277 мектепте спорт залы мүлдем жоқ екендігін талқылап отырамыз», - деді ол.
Сондай-ақ, мемлекеттік аттестаттау өткеннен кейін білім беру ұйымдарының 47 пайызы жалпы білім беру стандартына сай емес екендігін көрсетті.
«Тіл курстарына біліктілікті арттыру бойынша барған педагогтардың саны аз болса да, білім беру мекемелерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер саны 2 пайыз қажеттілікті құрап отыр. Тағы бір проблема – экономиканың барлық саласы үшін жоғары білікті мамандарды дайындау. ЖОО-лардағы грант саны жұмыс қажеттілігіне қарай бөлінеді», - деді Г.Исимбаева.
Қайрат Жандыбаев
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде