- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылы «ҚазМұнайГаз» ішкі нарыққа 2,9 млн тонна мұнай жеткізуді жоспарлауда
2017 жылы «ҚазМұнайГаз» ішкі нарыққа 2,9 млн тонна мұнай жеткізуді жоспарлауда
Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, 2016 жылы түсім 727 млрд. теңгені (2 128 млн АҚШ доллары[1]) құрады, бұл 2015 жылдағыдан 37%-ға жоғары. Табыстың өсуі негізінен мұнай процессингі схемасына ауысуына және Брент бағасының 17%-ға төмендеуімен ішінара өтелген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбастау бағамының 54%-ға артуына байланысты болды.
2016 жылы таза пайда 132 млрд теңге (385 млн АҚШ доллары), ал операциялық қызметтен таза ақша ағымдары 159 млрд. теңгені (466 млн АҚШ доллары) құрады.
«2016 жылғы 31 желтоқсанда таза ақша қаражатының сомасы[2] 1 172 млрд теңгені (3,5 млрд АҚШ доллары) құрады, бұл 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша таза ақша қаражатының сомасымен салыстырғанда, 79 млрд. теңгеге (295 млн АҚШ доллары) немесе 7%-ға артық», - делінген хабарламада.
ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерін есепке алғанда, 2016 жылы 12 155 мың тонна (тәулігіне 245 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2 %-ға кем.
ӨМГ және ЕМГ қорларынан ішкі нарыққа жеткізу үлесі 2015 жылғы 33%-бен салыстырғанда, 2016 жылы 41%-ға дейін артты. Осыдан бұрын хабарланғандай, 2017 жылы ішкі нарыққа жеткізу үлесі 2,9 млн тоннаны (тәулігіне 57 мың баррель) немесе жалпы сату көлемінің 33%-ға жуығын құрайды деп жоспарланады.
ҚМГ БӨ-ге тиесілі CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі үлесі 3 676 мың тонна мұнайды (тәулігіне 75 мың баррель) құрады, оның ішінде 1 832 мың тонна (тәулігіне 36 мың баррель) экспортқа шығарылды, бұл компаниялардың жалпы сату көлемінің 50%-ын құрайды. Ішкі нарыққа 1 844 мың тонна (тәулігіне 39 мың баррель) мұнай сатылды.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру