- Басты
- Жаңалықтар
- Астана мен Словения сыртқы істер ведомстволары көпжақты ынтымақтасу мәселелерін талқылады
Астана мен Словения сыртқы істер ведомстволары көпжақты ынтымақтасу мәселелерін талқылады
Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко басқарса, словен тарапынан - Словения Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Дарья Бавдаж Курет ханым болды.
«Келіссөздер барысында, 2017 жылғы қыркүйекте 25 жылдығы тойланатын екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан бергі серіктестіктің барлық спекторы талқыланды», - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, сауда-экономика, денсаулық сақтау, фармацевтика, сауықтыру медицинасы, инновация және жоғары технология, IT, көлік инфрақұрылымы, туризм, сондай-ақ екі-жақты ынтымақтастықтың шарт-құқықтық базасын кеңейту салаларындағы мәселелер көтерілді.
Сонымен қатар, Еуропалық Одақ, Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігінің басымдықтары, словен жоғары өкілдері мен компанияларының ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесіне қатысуы және т.б. өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасылды.
Сонымен қатар, Д. Бавдаж Куретті Астанаға сапары барысында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов және ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы М. Әшімбаев қабылдады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері