Ұлы идеясыз ұлы қадам жасау мүмкін емес – ҚР-дағы Арменияның Елшісі

14 Желтоқсан, 2013 13:12
ҚР-дағы Армения Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ара Саакян «Қазақстан-2050» Стратегиясының республикадағы басты құжат ретінде қандай рөл атқаратындығы туралы өз пікірін білдірді.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы – бұл ауқымды бағдарлама, ол алдағы уақыттардың мақсатын қамтыған. Ол Ұлты пен Мемлекеттің қалыптасып, тұрақталуына бағытталған. Ұлы идеясыз ұлы қадам жасау мүмкін емес, ал меніңше сәттілік әр түрлі салаға бірдей бағыт қоюда айқындалады. Бұл үшін жеке атмосфера мен патриоттық құлшыныс керек.», - деді А. Саакян.

Сондай-ақ, ол «Қазақстан-2050» Стратегиясы ұзақ мерзімге айналған өте маңызды құжат.

«Жылдам өзгеретін әлемде шағын уақытқа да болжам жасау мүмкін емес. Ал 2050-Стратегиясы біраз уақытты қамтығанын білесіздер. Бұл бағдарлама болашақ ұрпаққа қайырымдылық,құрмет көрсетудің амалы деп есептеймін. Білім беруді, денсаулық сақтау салаларын дамытудың көрсеткіші», - деді ҚР-дағы Армения Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ара Саакян.

 

Барлық жаңалықтар