- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылы ОҚО-да 18 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарлануда
2017 жылы ОҚО-да 18 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарлануда
Вице-Премьер – Ауыл шаруашылығы министрі 72 ЖҚШ мен 10 шаруа қожалықты біріктірген «Ет Агро Манкент» ауыл шаруашылығы кооперативіне барды. Аталмыш кооператив жылына 7 мың тоннаға жуық ет өндіреді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
«АӨК-тің ел экономикасының драйвері ретінде қалыптасуындаауыл шаруашылығы кооперативтерінің орны зор. Оның әлеуетін пайдалану арқылы ауылды көтеруге болады. Кооперация – ауыл болашағы», – деп атап өтті А.Мырзахметов.
Елбасы тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары қайта қарастырылуда. Қазіргі таңда 11 тиімсіз субсидия түрі алып тасталып, 35 субсидия түрінің нормативтеріне өзгерістер енгізілуде. Нәтижесінде, сол бюджет көлемі арқылы өндірушілердің, оның ішінде, ең алдымен, ұсақ шаруашылықтар мен кооперативтердің мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылуы 7,5 есеге (67 мыңнан 500 мыңға дейін) ұлғаяды.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудағы белсенділікті арттыру үшін Министрлік тарапынан сүт қабылдау және мал бордақылау пункттерін алғашқы жарнасыз иелену схемасы жасалды. Оған сәйкес «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы лизингке беру қарастырылған. Яғни, алғашқы жарнаға инвестициялық субсидияның жалпы бағасының 50 пайызын пайдалану қарастырылуда. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан кооперативтерге тапсырылған 1 литр сүтке 10 теңге берілмек. Ірі қара мал басына 20 мың теңге және ұсақ малға 1500 теңге.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында еліміздің барлық аймағында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Биыл 250 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарлануда.
Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін ақпараттық-консультативтік тұрғыда Fermers.kz сайты мен call-орталығы (барлық бағыттардан қоңырау шалу тегін) қызмет көрсетуде.
Жалпылай алғанда, ОҚО аумағында 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 18 ауыл шаруашылығы кооперативі, 15 сүт қабылдау пункті, 429 отбасылық мал бордақылау алаңы, 4 мал сою пункті, 5 жеміс-көкеніс әзірлеу пункті және 75 отбасылық жылыжай әзірлеу жоспарлануда.
Бұдан кейін, Вице-Премьер «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Шымкент қаласы, Достық шағын ауданындағы 1200 орындық мектеп құрылысы барысымен танысты.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері