- Басты
- Жаңалықтар
- Медициналық сақтандыру жүйесінде барлық медициналық ұйымдар үшін тең жағдайлар жасалады – Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық сақтандыру жүйесінде барлық медициналық ұйымдар үшін тең жағдайлар жасалады – Денсаулық сақтау министрлігі
Е.Біртанов министрлікте қазіргі таңда бизнестегі кедергілерді жою бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатқанын, сондай-ақ, жеке сектордың ұсынымдары қабылданып, министрліктің тікелей диалог құруға мүдделі екенін атап айтты.
«Біз медициналық қызмет көрсететін жеке қызмет көрсетушілердің үлесі саны жағынан да, қаржы жағынан да артуын күтіп отырмыз. Біз тариф саясатын қарастыруға дайынбыз. Ол сіздердің инвестицияларыңызды ескере отырып, нарық тұрғысынан негізделген болуы тиіс. Сонымен бірге, біз ақпараттық жүйелер арқылы тиімділікті бақылайтын боламыз. Медициналық сақтандыру жүйесіндегі бәсекелестіктің артуын ескере отырып, бағаның өздігінен реттелетінін ұмытпау керек. Аурухана экономикасы мен қызмет сапасын бақылап отыру үщін орташа баланс болуы қажет», - деді Елжан Біртанов.
Денсаулық сақтау министрі жыл соңында Медициналық сақтандыру қорымен жасалған келісімшарттар арқылы халыққа қызмет көрсетудегі жеке емханалардың үлесі анықталып, қазіргі таңдағы кедергілер жойылатынын айтты.
Өз кезегінде жеке аурухана мен зертхана басшылары министрліктің барша бастамаларына қолдау білдіріп, медициналық техника мен лизинг алу, тарифтерді енгізу мен бірқатар шектеулерді алу туралы мәселелерді талқылауға дайын екендерін мәлімдеді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген