- Басты
- Жаңалықтар
- Еліміздің орта мектептерінде кадет сыныптарын енгізу қажет - Назарбаева (ФОТО)
Еліміздің орта мектептерінде кадет сыныптарын енгізу қажет - Назарбаева (ФОТО)
Орталық мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің, қалалық әскери-патриоттық клубтар мен әскери кафедралардың, «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері, «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері қатысқан кездесуде патриоттық тәрбие мәселелері талқыланды.
Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов жыл сайын «Айбын» жиыны, ерлік сабақтары, «Жігер» әскери-патироттық лагерьлерін өткізу секілді шаралар кешені жүзеге асырылатынын, сонымен қатар жастардың әскери-патироттық тәрбиесін талдау барысында осы жұмыстарды одан әрі жетілдіру және жүйелеу қажеттігін көрсетіп отырғанын хабардар етті.
Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары М.Таласов жеткілікті құқықтық және оқу-материалдық базаның болмауы, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің шашыраңқылығы, жастарды тәрбиелеудегі өзекті мәселелерді атап өтті.
Д. Назарбаева Мемлекет басшысы, Парламент және үкіметтік емес ұйымдардың тарапынан патриоттық тәрбиеге баса назар аударылып отырғанын атап өтті.
Сенатор еліміздің орта мектептеріне кадет сыныптарын, оқу орындарына алғашқы әскери дайындық сағаттарын қосымша енгізу және Қазақстандағы әскери-патриоттық қозғалысты дамыту стратегиясын әзірлеу қажеттігін атап өтті.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру