- Басты
- Жаңалықтар
- Жас қазақстандықтар 2050 Стратегиясы туралы: 2050 Стратегиясы – менің бағыттаушым
Жас қазақстандықтар 2050 Стратегиясы туралы: 2050 Стратегиясы – менің бағыттаушым
Серік БАЙМҰҚАН,
12 «А» сынып, Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі
«Жаңа Қазақстан тарихы 1991 жылдан, яғни КСРО-ның құлдырауынан басталады. Сол кезең Қазақстан азаматтарына ең ауыр тиген кезең болатын. КСРО-ның құлдырауы экономикалық дағдарысқа ұшыратты. Адамдар жұмыстарынан айырылып, ақша құнсызданып, армандар сөнген кез еді. Алайда 22 жыл ішінде біздің мемлекет бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетті. Себебі биік белестерді бағындыру Тәуелсіздіктің бірінші күнінен-ақ басталды.
1997 жылы Елбасымыздың "Қазақстан-2030" даму стратегиясы қабылданды. Бағдарламаның орындалуы ертегінің шытырман оқиғасындай болды. Дегенмен стратегияның көп бөлігі 15 жылдың ішінде жасалып, жаңа белестерді бағындыруға жаңа бағдарлама енгізу керек болды. 2012 жылдың желтоқсанында Елбасымыз "Қазақстан-2050" даму стратегиясын ұсынды. Осы бағдарламаның басты міндеттерінің басымдылығы біздерге, жастарға, негізделген. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан сенім «несиесі» де содан. Озық технологиялар мен білім берудің жаңа әдістемелері – индустрияландыруға кірісудің бастамасы. Елдің дамуына жаңашыл серпін – дамудың шешуші факторына айналған білім экономикасы арқылы келетініне сенім мол. Мемлекет тарапынан жаратылыстану ғылымдарын, яғни физика, биология, химия, математика салаларының дамуы маңызды рөл ойнайтынын көрсетті. Оларда инновация үшін сарқылмайтын әлеует бар. Сол себепті "Қазақстан-2050" даму стратегиясында ғылымға бұрынғыдан да көп инвестиция салуға негіздеуі бар осы бағдарламаны аса ықпалды күш ретінде қабылдаймын.
Мемлекет тарапынан берілетін инвестиция - маған және менің құрдастарыма көрсетілген үлкен сенім. Ол сенімді ақтауымыз жарқын болашақтың айқын көрінісі болмақ. Алайда жарқын болашақ бүгін қабылдаған дұрыс шешімдерге байланысты, ал "Қазақстан-2050" бағдарламасын бағыттаушы ретінде қолдануым – менің тарапымнан қабылданған дұрыс шешім".
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп