- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылы Сәтпаев елді мекендерінде бес қабатты 25 тұрғын үй салынады
2017 жылы Сәтпаев елді мекендерінде бес қабатты 25 тұрғын үй салынады
Қарағанды облысының әкімдігінде хабарланғандай, тұрғындарды көшіру Жезқазған аймағын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында жүргізіледі.
«Бүгінде 859 отбасын баспанамен қамту үшін 39 тұрғын үй салынып, 6 пәтер сатып алынды. Сондай-ақ, 1150 отбасыға арналған жалпы ауданы 78 мың шаршы метрлік бес қабатты 25 тұрғын үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ», - делінген хабарламада.
Жалпы, облыс бойынша 2017 жылы жалпы ауданы 304 мың шаршы метрді құрайтын жаңа үйлер салу көзделген.
Сондай-ақ, ҚР Үкіметімен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бойынша жаңа бағдарлама бекітілді. Онда «Нұрлы жол» және Өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында қарастырылған тұрғын үй құрылысы біріктірілген.
Облыста «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру үшін 1,5 млрд теңге бөлінді. 19 мың шаршы метр баспана салу жоспарланған. Кезекте тұрған 336 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілмек.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары, соның ішінде жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін кредиттік тұрғын үй құрылысы жалғасады. Бүгінде мұндай баспана салудың 11 жобасы бар», - деп түсіндірілді әкімдікте.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті