• Басты
  • Оңтүстік Қазақстанда алдағы бес жылда 47 мыңнан астам отбасы баспаналы болмақ
18 Ақпан, 2017 14:36

Оңтүстік Қазақстанда алдағы бес жылда 47 мыңнан астам отбасы баспаналы болмақ

ОҚО-да алдағы 5 жылда 4,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 47 мыңнан астам отбасы өз баспаналарына ие болады.
Оңтүстік Қазақстанда алдағы бес жылда 47 мыңнан астам отбасы баспаналы болмақ

Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, 2016 жылы 530 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылса, осы жылы жалпы 700 мың шаршы метр болатын тұрғын үйді тапсыру жоспарланған. 

«Алдағы 15 жылда еліміздің тұрғындарын толығымен баспанамен қамту мақсатында елімізде жаңадан «Нұрлы жер» бағдарламасы қолға алынды.  Осы бағдарлама шеңберінде жеке тұрғын үй құрылысы бойынша Шымкент қаласында пилоттық жоба ретінде екі коттеджді қалашықтар салынатын болады. Оның бірі 76 гектар алқапта 293 үй орналасатын «Бозарық» кешені мен 180 гектар алқапта 1 050 үймен «Таскен» тұрғын үй кешені бой көтереді.

Жалпы 5 жылда 529 көпқабатты және 25 736 жеке тұрғын үйге инженерлік инфрақұрылым жүргізіледі.

Көп қабатты тұрғын үйлерді жаңғырту әрбір отбасы үшін өзекті мәселе. Осы ретте, Шымкент қаласы мен аудан, қала орталықтарының сәулеттік келбетін заманауи талаптарға сәйкестендіру, көпқабатты үйлердің қасбетін жөндеу, аумағын абаттандыру мәселесі де өзекті күйде тұр.       

Облыста жалпы 3 152 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 1 581 күрделі жөндеуді қажет етсе, 183-інде қайта жаңғырту құрылыс жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде жөндеуді қажет ететін үйлердің үлесі 50,1%-дан 44,4%-ға дейін төмендетілді.

Алдағы 4 жылда жалпы 488 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, жөндеуді қажет ететін үйлер үлесін 28,8 пайызға дейін төмендету көзделуде.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды