• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жас қазақстандықтар 2050 Стратегиясы туралы: Мен үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – жетістіктер әлемі

Жас қазақстандықтар 2050 Стратегиясы туралы: Мен үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – жетістіктер әлемі

14 Желтоқсан, 2013 15:10
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» қабылданғанына бір жыл толуына орай Strategy2050.kz АА мектеп оқушылары арасында «Мен 2050 Стратегиясын қалай түсінемін?» тақырыбында конкурс ұйымдастырған болатын. Назарларыңызға үздік деп танылған жұмыстарды ұсынамыз.

Сайфулла  ӘКіМБЕК,

12 «А» сынып, Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

« «Қазақстан – 2050» Стратегиясы дегенде, менің көз алдыма не елестейді, білесіздер ме? Менің көз алдыма биік таулар мен кең жазиралы дала, сылдырап аққан бұлақ, алтын алқапты егістік, шырқала салған ән мен жыр, қараған көздің жауын алатын ғаламат ғимараттар, тынымсыз тіршілік айдыны мен бақытты халқымның жүзі елестейді. Менің көз алдыма мәңгілік туы орнаған бейбітшілік, рухани бай ұрпағы бар Тәуелсіз Қазақстаным елестейді. Бұл – біздің тәтті өміріміз. Себебі Қазақстан – Тәуелсіз ел. Ол тәуелсіздікті ұстап тұру үшін, Елбасымызға жаңа заманға, өзгермелі жағдайларға бейімделе алатын ұрпақ тәрбиелеу мен алпауытты елдердің  алдында мемлекетіміздің беделін, парасатын көтеру тұрды. Сондықтан да жыл сайын өзінің дәстүрлі саясатын жолдады. «Қазақстан – 2030» Стратегиясын жасады. Бұл біздің еліміздің талай биіктерді бағындыруына, әлем елдері алдында жеке ел екенімізді танытуға алып келді. Бұл бағдарлама аясында біз қазіргі деңгейге көтерілдік.  

Жаңа «Қазақстан – 2050» Стратегиясы саясатын талдап қарасақ, берері өте мол. Мәңгілік ел болудың мұраты – осы бағдарлама. Оның әр сөзі, әр бөлігі тек халық игілігіне бағытталған. Президент «Қазақстан – 2030» Стратегиясында  ағылшынның ұлы драматургі әрі ақыны Уильям Шекс­пирдің айтқан мына сөзін келтірді: «Адам­дардың өмірінде шарықтау сә­ті бар, ол, егер дұрыс пайдалана біл­се, табысқа жеткізеді.

 Егер оны қол­дан шығарып алса, онда одан кейін­гі жол қайраңға малтығып, тай­ғақ кешумен ұласады». Елбасы бұл сөзді текке мысалға келтірмеген. Нұрсұлтан Әбішұлы үнемі алға қарайды, алыс болашаққа жіті көз жіберіп отырады. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы туралы әлем елдерінің көрнекті тұлғалары да өз ойларын қосқан екен. Соның бірі көрнекті ғалым әрі публицист Георг Кристоф Лихтенберг:  «Болашақ бүгіннен басталуы тиіс. Бұл жоспар деп аталады. Әлемде жоспарсыз ештеңе де жақсы бола алмайды», - дейді. Менің де болашаққа құрған жоспарым бар. Ол – елімнің болашағымен байланысты құрған  айқын жоспар.  «Қазақстан – 2050» стратегиясының мен үшін де, достарым үшін де маңызы зор деп ойлаймын. Еліміз әлем елдерімен білімде, өнерде жан-жақты бәсекеге түсетін озық жетістіктерге жете алатынына кәміл сенемін!

Мен үшін «Қазақстан – 2050» стратегиясы – жетістіктер әлемі!»

Барлық жаңалықтар