Павлодар облысының жолдарын жөндеуге 80 млрд теңге бағытталады

17 Ақпан, 2017 20:46
Павлодар облысының жолдарын жөндеуге барлық бюджеттен 80 млрд теңге бағытталады. Бұл туралы халық алдында берген есебінде облыс әкімі Болат Бақауов мәлімдеді.

«2017 жылы  республикалық  жолдардың  құрылыс-монтаждық  жұмыстарын қаржыландыруға   «ҚазАвтоЖол»  ҰК» АҚ  Павлодар  облыстық филиалына  75 млрд теңге бағыттау  жоспарланған.  Облыстық және аудандық  маңыздағы жолдардың жөнделуіне  барлық бюджеттен  11 млрд теңге бағытталды», - деді әкім.

Осылайша, Шақат-Шығыс-Шалдай  автожолының  23 км  749,4 млн теңгеге, Майкаин-Екібастұз бағытында  17 км жолды  1,5 млрд теңгеге,  Чернорецк – Ольгино – Успенка – Шарбақты щебенка жолының  10 км  және 23 км асфальттауды  555,6 млн теңгеге жүзеге асырады.

Сондай-ақ, 804,4 млн теңгеге  Жаңажұлдыз- Петропавл автожолының 35 км  жолы,  орташа  жөндеу  21,5 км автожолға 332 млн теңгеге  көлемінде жұмсалады.

Сонымен қатар, аймақ басшысы 2017 жылы  автомобиль жолдарының қазіргі жағдайын қамтамасыз ету 4 есеге өскенін айтты,  облыстық жолдарды қамтуға  300 млн-нан  1 млрд теңгеге  дейін қаржы бөлінді. 

Барлық жаңалықтар