- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 2020 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,1 трлн. теңгеге жетпек
ОҚО-да 2020 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,1 трлн. теңгеге жетпек
Оның айтуынша, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2020 жылы 1,1 трлн. теңгеге жетіп, орташа есеппен нақты көлем индексінің өсімі жыл сайын 2-3 пайыз деңгейінде жоспарлануда.
Бұл көрсеткішке жету үшін Индустриаландыру картасы аясында 2017-2020 жылдары 91 жоба іске қосылуы керек. Оның ішінде 2017 жылы 20 жобаны іске асырылады деп күтілуде.
«Елбасы биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жаңа индустриялар құрумен қатар, дәстүрлі өнеркәсіптің басым салаларына ерекше көңіл бөліп отыр. Мұнда бәсекеге қабілетті экспортқа бағытталған өндірістерді дамыту міндеттері қойылды. Осы мақсатта, облыс экономикасына 1 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылып, бірқатар, ірі жобалар жүзеге асырылады»,-деді әкім.
Олар, инвестиция көлемі 580 млрд.теңгені құрайтын «Петро Қазақстан Ойл Продактс» мұнай өңдеу зауытын жаңғырту мен 5,5 млрд. теңге инвестиция тартылатын «HILL Corporation» ЖШС-нің пайдаланған майларды регенерациялау жобасы.
Сонымен қатар, 20 млрд. теңгеге «Шымкентцемент» зауытын жаңғырту, 3,5 млрд теңгеге «Azala Fabric» ЖШС-нің дайын тоқыма бұйымдары өндірісін кеңейту мен инвестиция көлемі 19,8 млрд. теңге болатын «Шымкентская химическая компания» этил трет-бутилді эфирінің және полипропилен өндірісін шығаратын кәсіпорын мен мұнай өңдеу «Standart Petroleum&Co» зауыты. Инвестиция көлемі 21,8 млрд.теңге, іске асыру мерзімі 2020 жыл.
Осылайша, ел экономикасының өсімі жеделдеп, халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсаратын болады.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды