- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында ірі магистральдардың құрылысы аяқталды – әкім
Қызылорда облысында ірі магистральдардың құрылысы аяқталды – әкім
Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысының 2016 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы айтып өтті.
«Соңғы 4 жыл ішінде шикізат емес сектордағы өндіріс көлемі 50 %-дан 52%-ға дейін өсті. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі алты есе өсті. ЖӨӨ өңдеуші секторының үлесі 3,5 есе өсті», - деп хабарлады әкім.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысында 20 мың жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 4,9% құраған.
Сондай-ақ, әкім агроөнеркәсіп кешеніндегі жағдай туралы да айтып берді.
«Ірі малды, ұсақ малды ұстау бойынша біз көрсеткішті 34% арттырдық, жалпы рекордтық көрсеткіш 93% құрайды. Өсімдік шаруашылығына келетін болсақ, 4 жыл ішінде біз жыл сайын астықтың рекордтық көлемін алып отырдық. Өткен жылы облыс бойынша бір гектардан 56 центнер гектар алдық. Мұндай еліміздегі суармалы егіншілік тарихында бұрын-соңды болмаған. Қызылордалық күрішті 300 мың тоннадан жинасақ, өткен жылы 400 мың тоннадан артық жинадық», - деп хабарлады спикер.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта облыста әр түрлі халықаралық ұйымдармен 18 жоба әзірленіп жатқаны белгілі болды. Өңірде 80 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр.
Кездесу барысында әкім Қызылорда облысында қара алтын өндіру көлемі 1993 жылдан бастап едәуір азайғандықтан, мұнай өндіру аймақтарын жаңарту керектігін айтты. Қырымбек Көшербаев атап өткендей, мұнай, газ және уран облыс өнеркәсібінің 64%-ын құрайды.
Ақбота Күзекбай
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары