- Басты
- Жаңалықтар
- Жас қазақстандықтар 2050 Стратегиясы туралы: «Қазақстан 2050» бағдарламасын жүзеге асыруға біз -Тәуелсіз Қазақстан жастары өз үлесімізді қосамыз
Жас қазақстандықтар 2050 Стратегиясы туралы: «Қазақстан 2050» бағдарламасын жүзеге асыруға біз -Тәуелсіз Қазақстан жастары өз үлесімізді қосамыз
Ғайнижамал ҚҰДАЙБЕРГЕН,
11 «А» сынып, Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі
«2012 жылы Қазақстан халқына арнаған жолдауын Елбасымыз «Қазақстан-2030» бағдарламасы қабылданған 1997 жыл естеріңізде ме?» деп бастап еді. Мен ол кезде әлі дүниеге келмеген едім, сол кезең туралы білгім келіп, анамнан сұрадым. Анамның айтқаны мынау:
- Ол бір қиын уақыт болатын. Перзентханада бір палатада алты жас босанған әйел жаттық. Жайма-жаялықтар тозған, тамақты туыстар үйден әкеледі. Жалпы, халықтың жағдайы мәз емес еді. Өз бала-шағасының аузынан жырып, күнделікті ауруханаға тамақ тасып жүруге екінің бірінің шамасы келмейтін.
Бір күні палатадағы әйелдердің ешқайсысына тамақ келмей қалды. Кеш батты. Азық қалмады, ашпыз. Сөйтіп отырғанда, терезеден «Перизат», - деген дауыс естілді. Мұндай енді қуанбаспын. Тек мен ғана емес, палатадағы әйелдер де қуанды. Сол күнгі ішкен тауық кеспесін ұмытпастай болдық. Халқымыздың «Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпес» дегені бар ғой.
- Бір күн аштық не тәйірі, шыдауға болады ғой,- дегенімде, анам:
- Әрине, шыдауға болар, тек бауырында емізулі сәбиі бар әйел аш қалса, оның баласы да аш қалмай ма? Ана жанына өзінің емес, баласының қарны ақшаны батады ғой, - деп жауап қатты да, әңгімеміз аяқталды.
Қазіргі кезде перзентханаларда сәбилі ананы ханшайымдай күтеді. Жап-жарық палаталар, білікті дәрігерлер, ішетін ас пен киетін киім де тегін. «Қазақстан – 2030» бағдарламасының қоғамды қандай биікке көтергенін осыдан-ақ білуге болады.
Ал «Қазақстан – 2050» Стратегиясы бұдан да биік асуларды бағындыруға негізделген. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, елдің болашағы сол елдің өсіп келе жатқан жасөспірімдеріне тікелей байланысты. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы да халықтың ем алу, білім алу, жұмыс істеу жағдайын жақсарту мақсатында жасалған. Бұл ғана емес, жаңа бағдарлама Қазақстанды әлемнің саяси және экономикалық сахнасындағы ең озық 30 ел қатарына енгізуді мақсат етіп, еліміздің барлық салаларын дамыту жобаларын қамтиды.
«Қазақстан-2050» бағдарламасын жүзеге асыруға біз, тәуелсіз Қазақстан жастары, өз үлесімізді қосамыз. Үлесіміздің қомақты болуы үшін, біз бар мүмкіндіктерімізді пайдаланып, ерінбей еңбектенуіміз керек. Талмай талаптанып, бойымызға әлемдік бәсекелестікке төтеп берерлік білім жинауға тиіспіз. Білім мен біліктілік жеткілікті болса, оны ел игілігіне жұмсармыз. Қоғамымыз кемелденіп, болашағымыз баянды болар. Өмірге жаңа келген сәбиінің бүгіні мен ертеңі үшін ана көңілі алаңдамасын!».
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай