А.Түгел: 2050 Стратегиясы – еліміздің басты құжаттарының бірі

14 Желтоқсан, 2013 12:05
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: еліміздің басты құжаттарының бірі, деп санайды Қазақстан адвокаттары кеңесінің Президенті Әнуар Тугел.

«Мемлекет басшысы еліміздің «Қазақстан-2050» негізгі бағдарламалық құжатының басым бағыттарын айқындап берді. Ең бастысы, ол қазіргі кезде сот жүйесінің жетіліп келе жатқанын айтты. Шынымен де, жаһандану жағдайында біз жабық мемлекет болмағандықтан міндетті түрде оның әсерін көреміз. Және экономикалық қарым-қатынастар, халықаралық стандарттар біздің елге де өзіндік әсерін әкеледі», - деді А. Тугел.

Оның айтуынша, барлық елде экономикалық шекаралар алынуда. Сол үшін бізге осындай бағдарламалық құжат керек-ақ.

«Біздің ішкі заңнамамыз әлемдік талаптарға сай болуы керек. Осы бағытьтан біз айнымай, мұны мемлекет дамуының негізгі құдаты ретінде қабылдаймыз. Негізінде бұл сот жүйесінің жетілуі, экономикалық реформа, инвестициялық климат пен шағын және орта бизнестің дамуына бастар жол», - деді А. Түгел.

 

Барлық жаңалықтар