• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Қытайдың Стратегиясы мағынасы, мақсаты мен орындалу уақыты жағынан ұқсас – Лэ Юйчэн

Қазақстан мен Қытайдың Стратегиясы мағынасы, мақсаты мен орындалу уақыты жағынан ұқсас – Лэ Юйчэн

14 Желтоқсан, 2013 11:02
Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лэ Юйчэн Қазақстан мен Қытайдың Стратегиясы мағынасы, мақсаты мен орындалу уақытына қарай ұқсас екендігн айтты.

« Қазақстан-2050» Стратегиясы – елдегі ең маңызды құжаттардың бірі. Ол Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуін қарастырады. Қытай көрші ел және Қазақстаннның стратегиялық әріптесі ретінде елде осындай жүйе, стратегия бар екендігіне өте риза», - деді Лэ Юйчэн.

Ол атап өткендей, Қытай өзінің «Қытай арманы» стратегиясы бойынша дамуда. Құжатқа сәйкес ҚХР 2050 жылға таман барлық салада үлкен жетістікке жетуі тиіс.

«Біздің стратегиялар мағынасы жағынан ұқсас, олардың мақсаты мен орындалу уақыты да мағыналас. Біз Н. Назарбаевтың стратегиясын жүзеге асыру үшін жұмыс істейміз», -деді Қазақстандағы Қытайдың Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Оның айтуынша, Елшілік ынтымақтастықты дамыту үшін бірқатар қызметті атқаруда.

«Ынтымақтастық пен достық арқасында қазақстандық-қытайлық қарым-қатынас күн санап жақсаруда. Тараптар арасында жоғары ынтымақтастық пен ресми қарым-қатынас қарқынды дамуда», - деді Лэ Юйчэн.

Сондай-ақ, ол қытайлық тарап Қазақстанды барлық қарым-қатынаста қолғабыс көрсететінін айтты.

«Қазақстанға сапары барысында ҚХР  төрағасы Си Цзыньпин Ұлы Жібек дәлізін құру ұсынысын айтқан болатын. Оның бас жоспары елдердің дамуына септігін тигізеді. Бұл екіжақты ауызбіршілікті нығайта түсудің тағы бір жолы», - деді ҚХР Елшісі. 

Барлық жаңалықтар