- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР өкілі БҰҰ ҚК Қазақстандағы киберқауіпсіздік әдістерімен таныстырды
ҚР өкілі БҰҰ ҚК Қазақстандағы киберқауіпсіздік әдістерімен таныстырды
А. Әбдімомынов өз сөзінде іс-шараға қатысушыларды елдің аса маңызды инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралары туралы хабардар етті. Стратегиялық объектілерді қорғау және киберқауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Бұдан бөлек, Қазақстанның өкілі маңызды инфрақұрылым объектілеріне террористік шабуылдардың алдын алуға бағытталған БҰҰ ҚК қарары бойынша дауыс беруге қатысты.
Дәл осы күні А. Әбдімомынов БҰҰ жоғары лауазымды тұлғаларымен бірқатар кездесулер өткізді. БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчамен әңгімелесу барысында Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік, сондай-ақ Ауғанстандағы бейбіт процесті нығайту мәселелерін ілгерілету талқыланды.
БҰҰ контртеррористік іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі нысаналы топ басшысы Джехангир Ханмен кездесу барысында БҰҰ тиісті құрылымдарын Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді тарту перспективалары, сондай-ақ нақты жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Бұдан бөлек, А. Әбдімомынов БҰҰ Бас хатшысының бітімгершілік операциялар жөніндегі орынбасары Эрве Ладсуспен кездесті. Тараптар бітімгершілік және қазақстандық әскери бақылаушыларды бітімгершілік миссияларының біріне жіберу мүмкіндігі саласында одан әрі іс-қимыл жасау перспективаларын талқылады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Қазақстандағы эпидахуал: Коронавирус жұқтырғандар саны 1,6%-ға азайды