- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО диқаншыларына көктемгі егіс жұмыстарына 60 млрд теңге бөлінеді
ОҚО диқаншыларына көктемгі егіс жұмыстарына 60 млрд теңге бөлінеді
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шараға аудан басшыларының орынбасарлары мен ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген 100-ге жуық кәсіпкер қатысты.
Биылғы көктемгі егіс жұмыстарына республикалық бюджет қаражатынан 60 млрд теңге бөлініп отыр. «Аграрлық несие корпорациясының» тікелей қарыз алушылары үшін несиенің жылдық мөлшерлемесі 3 пайызды құрайды. Яғни пайыздық мөлшерлеме былтыр 5 пайыз болса, биыл ол 2 пайызға төмендетілген.
«Егер несие екінші деңгейлі банктер арқылы берілсе, соңғы қарыз алушы үшін несие мөлшерлемесі 6 пайыздан аспайды. Ал егер қаржыландыру кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы үлестірілсе, несие мөлшерлемесі 8 пайыздан жоғары болмайды»,- деді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдері.
Бұл қомақты қаржы үш бағытта жұмсалады. Бірінші бағыт - екінші деңгейлі банктердің кепілдігімен Аграрлық несие корпорациясынан 40 млрд теңге бөлінеді. Екінші бағыт – фермерлерді екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру. Бұл бағытқа 15 млрд теңге бағытталып отыр. Үшінші бағыт – несиелік серіктестер және микроқаржылық ұйымдар арқылы қаржыландыру.
Сондай-ақ биыл басым дақылдарға да несие белгіленіп отыр. Бар қаражаттың 20 пайызға жуығы майлы дақылдарға, шамамен 5 пайызы арпаға және 75 пайызы басқа дақылдарға бағытталуы тиіс.
Еске сала кетейік, осы жылдан бастап көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуді несиелендіру мәселелерімен, инвестициялық жобаларды қаржыландырумен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ айналысатын болады.Сонымен, өтініш қабылдау басталды. Қазақстанның барлық облысы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын несиелендірудің жаңартылған бағдарламасын таныстыру 22 ақпанға дейін жалғасады.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру -
Экономикалық зерттеулер институтына - 60 жыл -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
ТКШ: 2607 жаңа басқару нысаны құрылды -
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар