ЖОО-ларда грант саны айтарлықтай көбейеді – Сағадиев

16 Ақпан, 2017 10:34
2017 жылы елдің жоғарғы оқу орындарына бөлінетін грант саны артады, деді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ақмола облысының ұстаздарымен кездесу барысында.

Ерлан Сағадиев  Елбасы Жобасының негізгі қағидасы туралы баяндап, Білім және ғылым министрлігінің  жұмысы  мен ведомствоның  жоспары туралы бөлісті.

Сондай-ақ,  өткен жылы  ҰБТ форматының өзгеруінің нәтижесінде  17 мың бала жоғарғы білім алды.  Биылғы жылы  ЖОО-ларға бөлінетін мемлекеттік гранттардың саны артады.

«Бакалавриатқа  гранттар санын  31 мыңнан  36 мыңға көбейтіледі, магистранттарға бөлінетін грант  саны  7 мыңнан  10 мыңға және PHD екі есеге артады», - деді министр.

Е.Сағадиев айтып өткендей, өткен жылы  75 мың  педагог  жаңартылған мектеп бюағдарламасына орай оқытудан өтті, «Электрондық күнделік» жүйесін  мектепрдің  50  пайызы орнатты.

«Жаңа жүйе ұстаздарға   бағаны  «онлайн» қоюға, ата-аналарға балалардың бағасын қадағалауға мүмкіндік береді, қазір  770 мың ата-ана аталмыш қосымшаны қолданады», - деді ведомство басшысы. 

Барлық жаңалықтар