- Басты
- Жаңалықтар
- Жас қазақстандықтар 2050 Стратегиясы туралы: Мен үшін бұл даму саясаты - келешек ұрпағымның өмірі, менің болашағым
Жас қазақстандықтар 2050 Стратегиясы туралы: Мен үшін бұл даму саясаты - келешек ұрпағымның өмірі, менің болашағым
Нұрсұлтан КӘКІМОВ,
12 «А» сынып, Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі
"2012 жылдың 14 желтоқсанында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ еліне «Қазақстан-2050 Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» жария етті. Елбасымыз бұл шыңдарға жету үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлт бар екендігін айтып өтті. Қазақстан Республикасы тәуелсіздікті енді алып жатқан кезде, мемлекеттің дамуына әсер ететін бірнеше шарт орындалсын деген оймен Елбасы халыққа «Қазақстан-2030» стратегиясын ұсынды. Аталған бағдарламаның негізгі бағыттары: ел арасындағы қатынасты жақсарту, түрлі қару жарақтардан бас тарту. Елбасы өзге халықтарға, діндерге және алуан түрлі конфессияларға аса маңызды мән беріп отырды, сол себепті осы 20 жыл ішінде 140 ұлт пен 40-тан астам конфессияның өкілдерін мемлекет құру ісіне жұмылдырып, еліміздегі ұлттар арасындағы ынтымақтастықты қалыптастырды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы адамзат тарихында елеулі орны бар, батыл әрі маңызды қадам жасады, яғни дүниедегі ең үлкен ядролық сынақ алаңы - Семей полигонын жапты. Осылайша мемлекетіміз әлемдегі бейбітшілік пен ізгі ниеттің үлгісіне айнала бастады. Осы уақыттан бастап, «Қазақстан-2050» стратегиясын халқымның дамуының бастаушысы ретінде қабылдаймын.

Елім менің, жерім менің, тірегім!
Барша әлемді тамсандырар білемін.
Таза қуат көздерінің түрткісі -
Болар әлі EXPO-ның жүрегі!
Қазақ халқының алдына қойған мақсаттары орасан зор. Көздеген нысаналарға жету үшін Елбасының әрбір тапсырмасын саралап, орындауға тиіспіз.
Қарыздардан құтылсақ,
Қарулардан бас тартсақ,
Сөзі жылы жан болсақ,
Дін-нәсілге дос болсақ,
Халқымызды дамытсақ,
Құрметті де, қадірлі
Ел болады ер Қазақ!
Мен үшін бұл даму саясаты - келешек ұрпағымның өмірі, менің болашағым. Ертеңіне күмәнсіз сенген кешегі сақтың бүгінгі буыны әр даму қадамына қырағылықпен қарап, жағымды жаңалығына жанын жадырата қуанатыны заңды. Мен де сол елдің ұланымын. Егемен елімнің ертеңі менің де үмітімді үрлей түседі.
Тұрғанда аспаным мұхиттай мөлдіреп,
Жүректе әнұран гүрілдеп, дүркіреп.
Намысты еш жауға жеп-жеңіл бермесек,
Болашақты жеңеміз, туымыз тұр желбіреп.
Біліммен, ақылмен асамыз бәрінен,
Ұлт болып, бірлесіп көрінеміз биіктен. Қазағымның қуанышы әлі алда. Мен үшін маңызды «Стратегия -2050». Қазақ халқы - мықты халық. Жұбан ағамыздың жыры оған дәлел.
« Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске –
Айта бергім келеді, айта бергім!»
«Қазақстан-2050» - елдің даму сатысын саралап, мемлекеттің абыройын асқақтататын, болашақта қуатты, дамыған елдер қатарына қосатын кешенді бағдарлама. Мен осындай бағдарламаның іске асатынына сенемін".
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары