- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер қаралды
Сенатта кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер қаралды
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында әзірленген заң жобасы Салық, Азаматтық және Азаматтық-процестік кодекстерге, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы», «Жылжымалы мүлік кепiлiн тiркеу туралы» және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңдарға түзетулер енгізуді көздейді.
Үлестік меншікті иемдену, пайдалану және оған иелік ету мәселелеріндегі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында заң жобасымен мүлікті белгіленген тәртіпте бөлу мүмкін болмаған кезде оны ашық саудада сату туралы сот шешімдерін қабылдау жөнінде императивтік нормалар белгіленеді. Заң жобасының негізгі жаңалығы азаматтық мәмілелерді дауланатын және мәнсіз деп бөлуді заңнамалық регламенттеу болып табылады.
Палата хабарлағандай, комитеттің кеңейтілген отырысында«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да қаралды.
2016 жылғы 22 тамызда Варшавада жасалған келісім заңсыз миграцияға қарсы іс-қимыл саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін реттейді.
Құжатта уағдаласушы тараптардың аумағына заңсыз келген, онда болған немесе тұрып жатқан Қазақстан мен Польша азаматтарының, үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясының құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерін регламенттейді. Келісім ережелеріқайтарылатын адамдарды анықтаудың және олардың қауіпсіз транзитінің тетіктерін реттейді, тегін жол жүру құжаттарын беру тәртібін, жеделдетілген реадмиссияны қолдану шарттарын айқындайды.
Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді