- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017-де этноауыл қазақ халқының дәстүрін паш етеді
ЭКСПО-2017-де этноауыл қазақ халқының дәстүрін паш етеді
« Этнауыл келішулерді қазақ халықының бай тарихы, мәдениеті, өнері және дәстүрлерімен таныстырып, келген қонақтың әрқайсысына көшпенділер өркениетінің этномәдени ортасын, өтіп кеткен ғасырлар атмосферасын өз бетінше сезінуге мүмкіндік береді», - деді ол.
Сондай-ақ ЭКСПО мәдени-бұқаралық бағдарламасына Ла Скала (Италия) театрының гастрольдері, негізін қалаушысы және көркемдік жетекшісі әйгілі Пласидо Доминго болып табылатын «Опералия» Опера әншілерінің халықаралық байқауы, Император Цинь Шихуандидің Терракот әскері музейінің көрмесі, Ежелгі Египет археологиялық бұйымдарының көрмесі, Эрмитаж қорларының көрмесі, «TURKVISION» заманауи эстрада өлеңдерінің байқауы және тағы басқалары өтеді.
ЭКСПО-2017 өткізу барысында «Астана Опера» МОБТ шығармашылық ұжымы қала тұрғындары мен қонақтарына 70-тен аса іс-шараның көрермені болуды ұсынады. Бұл шаралар театрдың Үлкен және Камералық залында өтіп қана қоймай, ашық аспан астындағы алаңдарда да ұйымдастырылады. Опера және балет театры директорының бірінші орынбасары айтып кеткендей, барлық шаралар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтетін болады.
«Шаралар легі 10 және 11 маусым күндері А.Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» қазақ ұлттық операсымен ашылады. Еске салып кетсек, театрымызда «Абай» операсының тұсаукесері 2015 жылдың 25 қыркүйегінде өткен болатын. Ол «Астана Опера» театрының шығармашылығында жаңа деңгей мен Қазақстан опера өнеріндегі жаңа кезеңнің символы болып табылады», - деді Т. Әлпиев.
Биылғы жазда театр ашық аспан астында Дж.Вердидің «Аида» операсын және Л. Минкустың «Дон Кихот» балет спектаклін қоюды жоспарлап жатыр. Мәдени бағдарлама аясында театр сахнасында әлемдегі вокалистердің арасында ең беделді болып табылатын «Опералия» байқауы, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының гастрольдері, Г. Малердің №8 Симфониясын орындау, Ла Скала және Мариин театрының гастрольдері өтетін болады.
«Бұл «ЭКСПО»-2017 барысында театрымызда өтетін іс-шаралардың бір бөлігі ғана. Мен айтқан ірі халықаралық жобалардан басқа «Астана Опера» театрының сахнасында ұжымның репертуарынан опералар мен балеттердің қойылымдары үздіксіз өтіп отыратын болады. Еске салып кетсек, театр репертуарында 20 спектакль, оның ішінде 11 жарқын балет пен 9 опера бар», - деп сөзін аяқтады Төлеубек Әлпиев.
Қайрат Жандыбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді