• Басты
  • Д.Назарбаева: Азық-түлік өнімдеріне сауда үстемесін заңды түре шектеу қажет
15 Ақпан, 2017 17:56

Д.Назарбаева: Азық-түлік өнімдеріне сауда үстемесін заңды түре шектеу қажет

Парламент Сенатында Дариға Назарбаева бастаған Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен кездесті.
Д.Назарбаева: Азық-түлік өнімдеріне сауда үстемесін заңды түре шектеу қажет

Сенаттың хабарлауы бойынша, Д.Назарбаева Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы басым бағыттардың бірі агроөнеркәсіп кешенін дамыту екеніне кездесуге қатысушылардың назарын аударды.

Азық-түлік қауіпсіздігінің индексіне сәйкес, (The Global Food Security Index) Қазақстан 2016 жылдың қорытындысы бойынша рейтингке қатысқан 113 елдің арасында 68 орынды (2015 жылы 109 елдің ішінде 56 орында болды) алған болатын.

Ауыл-шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қ.Айтуғанов елдің азық-түлікке сұранысын отандық өндіріс есебінен қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау шаралары туралы сенаторларды хабардар етті.

Баяндамашы негізгі азық-түлік тауарларымен ішкі нарықты қамтамасыз ету жағдайы 80 пайызды құрайтынын атап өтті. Бұл ретте күріш, қой еті, жұмыртқа, астық, нан, арпамен 100 пайыз қамтамасыз етілуде. Ішкі нарықтағы ет те (құс етінен басқа) импортқа тәуелді емес.

Сонымен бірге отандық өндірістің жекелеген өнімдері ішкі тұтыну барысында әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Ол – құс еті (51,8 пайыз), сары май (68,3 пайыз), ірімшік пен сүзбе (56,5 пайыз), күнбағыс майы (72,9 пайыз), колбаса өнімдері (58,7 пайыз), алма (58,0 пайыз), балық (65,5 пайыз).

Сенаторлар С.Жақсыбеков, И.Адырбеков, Л.Киинов, М.Алтынбаев М.Көбенов, Г.Ким азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп кешені жұмысын жетілдіру жөніндегі өз ұсыныстарын айтты. Депутаттар ауыл шаруашылығы несиелерін тиімді пайдалану, отандық өнімдерді, ғылыми-зерттеу институттарының жұмысын қолдау, ауыл шаруашылығы саласын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.

Комитет төрағасы Д.Назарбаева азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына алаңдаушылық білдірді және «азық-түлік өнімдеріне сауда үстемесін заңды түрде шектеу қажет» екенін атап өтті.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды