- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар Ұлттық нейрохирургия орталығының жұмысымен танысты
Сенаторлар Ұлттық нейрохирургия орталығының жұмысымен танысты
Кездесуді аша келіп, Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен «5 институттық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда Парламент қажетті заңнамалық база қалыптастырғанын атап өтті.
Б.Әйтімова сондай-ақ Парламент алдында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы барлық басымдықтарды іске асыру аясында ауқымды әрі жауапты жұмыстар тұрғанын атап өтті.
Сенатор сырқаттарға жоғары білікті нейрохирургиялық көмек көрсетудегі Орталықтың елеулі үлесіне тоқталды, сондай-ақ комитет мүшелерінің осы сапары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа үлігісін енгізудің қарсаңында денсаулық сақтау саласындағы мекемелерді таныстыру шараларының бір бөлігі екенін айтты. Бұрын комитет Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылығымен кездесу ұйымдастырған болатын.
Кездесу барысында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» акционерлік қоғамы Басқармасының төрағасы Серік Ақшолақов Орталықтың жұмысы туралы әңгімеледі, депутаттар балалар нейрохирургиясы, реанимация және интенсивтік емдеу, орталық жүйке жүйесінің патологиясы, госпитальдық фармация, антиографиялық операция бөлімдерінде, сондай-ақ тренинг орталығында болды. Кездесу барысында егжей-тегжейлі пікір алмасу болды.
Сенаторлар денсаулық сақтау саласының алдында тұрған жекелеген мәселелерге тоқталды. Сенат депутаттары А.Бижанов, Ә.Бектаев және Ж.Ерғалиев өз ойларын ортаға салды. Жүздесуді қорытындылай келіп, сенатор Бірғаным Әйтімова кездесудің маңыздылығы мен нәтижелі болғанын атап өтті. Оның пікірінше, келушілердің әрқайсысы заң ережелерін іс жүзінде орындалуы туралы жан-жақты хабардар болды.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды -
Е.Салтыбаев: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы - уақытылы жасалған қадам