• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандағы Беларусь Елшісі: 2050 Стратегиясы белсенді ынтымақтастық жүргізетін салаларға бағыттайды

Қазақстандағы Беларусь Елшісі: 2050 Стратегиясы белсенді ынтымақтастық жүргізетін салаларға бағыттайды

14 Желтоқсан, 2013 10:00
«Қазақстан-2050» Стратегиясы белсенді ынтымақтастық жүргізетін салаларға бағыттайды деп Қазақстандағы Беларусь елінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасов есептейді.

«Сөзсіз, Қазақстандағы Беларусь елінің Елшілігі қойылған мақсаттар бойынша жұмыс істейді. Біздің елдер арасындағы ынтымақтастық тұрақтылық мағынасына ие. Оған біз барлық кездесулерде жасайтын келіссөз құжаттары дәлел. Біз мұндай ынтымақтастық шараларын салалық және үкіметтік, мемлекеттік деңгейде жүзеге асырамыз. Бұл  «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген мақсаттар бойынша жүзеге асты. Ол біз үшін жол көрсететін, бағыттаушы құжатымыз болып есептеледі», - деді Анатолий Ничкасов.

Оның айтуынша, әрбір бағытта, салада 2050 Стратегиясы Қазақстанның әлсіз тұстарын жетілдіріп, бағыттауға септігін тигізеді. Сондай-ақ, ол белсенді ынтымақтастық жүргізу саласына шынайы бағыт береді.

«Бұл ұлтаралық экономикалық  дәліз тақырыбы, Беларусьтің жоғарғы технологиялық ғылыми жұмыстарымен жүзеге асырылатын экологилық энергетикасы, бұл тақырып сонымен қатар машина құрылысы саласындағы орташа деңгейлі кәсіби мамандарды дайындаумен байланысты.  Егер Қазақстанның инновациялық деңгейі жайлы айтар болсақ, Беларусь елі аталмыш салада Қазақстанмен әріптестік құруға ниет танытып отыр»,  - дейді ҚР-дағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов.

Сонымен қатар, дипломаттың айтуынша, бұл өз кезегінде Евро 4, Евро 5 секілді жаңа технологиялық әдет болып табылады.
«Беларусьтік өндірушілерге сай құрылымдар бәсекеге қабілеттілікке жол ашады.  Сонымен қоса біз 2015 жылдан бастап Еуразия Одағы шартымен Кедендік Одақ аясында шығарылады. Яғни, Кедендік Одақ елдерінен бәсекеге қабілетті тауарлар өндіріледі», - деді  Анатолий Ничкасов.

 

Барлық жаңалықтар