- Басты
- Жаңалықтар
- Жолдаудағы басымдықтарды жүзеге асыруға 2 трлн теңге бағытталады – Сұлтанов
Жолдаудағы басымдықтарды жүзеге асыруға 2 трлн теңге бағытталады – Сұлтанов
Мәжілісте қарауға «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы ұсынылды.
«Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға арналған ресурстар мыналар:макроэкономикалық болжамды сомасы 553,7 млрд. теңгеге түзету нәтижесінде республикалық бюджет кірістерінің қосымша түсімдері (трансферттерді есептемегенде) болып табылады», - деді Б.Сұлтанов.
Экономиканың жаңа драйвері ретінде аграрлық секторды дамытуға қосымша 60 млрд. теңгеден астам көзделетін болады.
«Бұл шығыстар мыналарға бағытталады:инвестициялық субсидиялар бойынша міндеттемелерді орындауға сомасы 33,7 млрд. теңге. Бұл 2 101 шағын және орта бизнес субъектісін қамтиды. Олардың ауыл шаруашылығына салатын инвестициялар көлемі қазірдің өзінде 190,5 млрд. теңгені құрайды. Бұл ретте 5 804 жұмыс орны ашылды, ал ауыл шаруашылығы техникасы паркі 1 184 бірлікке жаңартылатын болады», - деді министр.
Тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шаралары «Нұрлы жер» атты жаңа бағдарлама арқылы іске асырылатын болады.
«Бағдарлама бойынша негізгі қаржы ағындары 2018 жылдан басталады, ал нақтыланып отырған бюджет шеңберінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына тұрғын үй сатып алуға қарыз беру үшін 8 млрд. теңге қарастырылады.Минералдық-шикізат базасын кеңейту және геологиялық барлауды жандандыру үшін қосымша 1,7 млрд. теңге көзделді. Осы бағыт бойынша ұлғаюды ескере отырып, жалпы қаржыландыру 10 млрд. теңгені құрайды», - деді министр.
Сондай-ақ, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион алушы үшін зейнетақы мөлшерін 2016 жыл деңгейіне қарағанда 20%-ке дейін көтеруге, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туылуы бойынша біржолғы жәрдемақы мөлшерін 20%-ға көтеруге бағытталатын болады.Төлемдердің осы түрі шамамен 400 мың балаға жұмсалады деп күтілуде.
Ақбота Күзекбай
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді